Жұмысқа шықпаса да жалақы алған: ШҚО-да прокуратура «Күміс жас» жобасы аясындағы заңбұзушылықты анықтады

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында прокуратура «Күміс жас» мемлекеттік жобасын іске асыру кезінде заңбұзушылықтарды анықтады. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекет бюджетіне 4,6 млн теңге қайтарылды.
«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан қазақстандықтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған. Жоба аясында жұмыс берушілерге бағдарламаға қатысушылар жалақысының 60-тан 70 пайызға дейінгі бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады. Оның мөлшері қызметкердің бағдарламаға қатысу мерзіміне байланысты белгіленеді.
Алтай ауданында жүргізілген тексеру барысында жұмыс берушілердің бірі қызметкерлердің нақты жұмыс істегені туралы жалған мәліметтер ұсынғаны анықталды. Жұмыс уақытын есепке алу табельдерінде қызметкерлер толық жұмыс күні мен сағатын өтегені көрсетілген. Алайда олардың кейбірі жұмыс орнында болмаған. Оның ішінде аудан аумағынан тыс жерлерге шығып кеткен жағдайлар да тіркелген.
— Нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қызметкерлердің еңбек міндеттерін көрсетілген көлемде нақты орындағаны тиісті деңгейде расталмай тұрып субсидиялар аударылған. Мұндай төлемдердің жалпы сомасы шамамен 4,6 млн теңгені құрады. Прокуратураның араласуынан кейін төленген субсидияларға қайта есептеу жүргізілді. Негізсіз аударылған қаражаттың барлығы мемлекет кірісіне қайтарылды», — деп хабарлады ШҚО прокуратурасынан.

Новые статьи

Возле школы №16 в Усть-Каменогорске обустроят освещенную пешеходную аллею

Возле школы №16 на проспекте Шакарима в Усть-Каменогорске планируют создать благоустроенную пешеходную зону с освещением, скамейками и беседками. Также рассматривают возможность установки спортивной площадки...

Уровень безработицы в Казахстане составил 4,5%

В третьем квартале 2026 года уровень безработицы в Казахстане составил 4,5%. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года общая занятость выросла на 73,3 тысячи...

В ВКО профилактикой пожаров охватили более 27 тысяч домов с печным отоплением

С начала отопительного сезона в Восточно-Казахстанской области зарегистрировали 65 пожаров в жилом секторе. Чтобы предотвратить новые возгорания и защитить жителей, спасатели совместно с полицией,...

В Казахстане открывают агроклассы, чтобы привлечь школьников в сельское хозяйство

В трех северных регионах Казахстана запустили пилотный проект по ранней профориентации школьников в аграрной сфере. Учащиеся знакомятся с современными технологиями растениеводства и животноводства, сельскохозяйственной...