Мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар Шығыс Қазақстан облысы орталығындағы «Өскемен май зауыты» өндіріс ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламысындағы еңбек пен өнідіріске қатысты тұстарына тоқталып, жұмысшы қауыммен бірге талқылады.
Денис Рыпакав, Людмила Захарова, Ерасыл Абылдабеков қатарлы мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар экономикалық өсім өндіріс көлемімен ғана емес, лайықты жалақымен, қауіпсіз еңбек жағдайымен және отбасының ертеңгі күнге сенімімен өлшенуі тиіс екендігін жеткізді. Жаңа жұмыс орны адамға кәсіби өсу мүмкіндігін ашқанда ғана құнды болатынын айтты.
– «Сондықтан «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпорындардың сұранысына сай мамандар даярлауға, техникалық білім беруді дамытуға және өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінген. Біздің міндетіміз – өңірдің экономикалық өсімі халықтың өмір сүру сапасының артуымен қатар жүруіне қажетті жағдай жасау», – деді Денис Рыпакав.
Сонымен қатар, экономикалық өсу еңбек ету және табыс табу мүмкіндіктерінің артуымен өлшенуі керек екендігін айтты. «Еңбекке қабілетті әр 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бағыты бойынша 24 852 жаңа жұмыс орнын, яғни жыл сайын 4 142 жұмыс орнын құруды қамтамасыз ету жоспарланғаны айтылды.
– «Экономикалық өсім өндіріс көлемінің артуымен ғана емес, жалақының көтерілуімен, қауіпсіз еңбек жағдайларының қамтамасыз етілуімен және қызметкерлердің кәсіби дамуына жол ашатын мүмкіндіктердің жасалуымен де өлшенуі тиіс», – деп атап өтті Ерасыл Абылдабеков.
Сондай-ақ жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болған азаматтарды қолдауға да баса назар аударылған. Атап айтқанда, бағдарламада алты жыл ішінде 19 680 субсидияланатын жұмыс орнын ашу, сондай-ақ 2 640 жұмыссыз азаматты сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша кәсіби оқыту қарастырылған. Жыл сайын 440 адамды оқыту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, инвестициялар өңірде өндіріс, технология, салық базасы және лайықты жұмыс орындары түрінде қалғанда ғана мәнге ие екендігі, экономика құрылымын өзгертетін жобалар қажет екендігін де өндіріс ұжымына жеткізді.
Әр инвестиция салынған қаражатпен ғана емес, тұрақты жұмыс орындарының санымен, өңдеу тереңдігімен, технологиялық жаңарумен және жергілікті экономикаға қайтарымымен бағалануға тиіс.
Ал 2026–2031 жылдары кәсіпорындардың сұранысы бойынша кепілді жұмыспен қамту арқылы жыл сайын кемінде 2 000 маман даярлау көлемін арттыру жоспарланған.
Шығыс Қазақстанның өндірістік әлеуетін дамыту білікті мамандарсыз, еңбек етуге лайықты жағдайлар мен жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етпей мүмкін емес екендігін де кандидаттар тілге тиек етті.
Сондықтан «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпорындардың сұранысына сәйкес мамандар даярлауға, техникалық білім беруді дамытуға және өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылған. Кандидаттар біздің міндетіміз – өңірдің экономикалық өсімі халықтың өмір сүру сапасының артуымен қатар жүруіне қажетті жағдай жасау.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

