Жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні таңертең Самар тасжолы мен Базовая көшесінің қиылысында болды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатында ВАЗ, Toyota Camry автокөліктері мен автобус соқтығысқан.
— ВАЗ жүргізушісі қиылыстан өту кезінде Toyota Camry автокөлігіне жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысып, соққыдан Toyota Camry автобусты барып соққан, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция дерегінше, ВАЗ жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтап, барынша абай болуға шақырды.

