«Торпедо» хоккейшілері «Ақтөбені» жеңді

Өскемендік «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан чемпионаты аясындағы кезекті ойынын «Ақтөбе» командасына қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңді.
Кездесу тартысты өтті. Алғашқы кезеңде есепті «Торпедо» ойыншысы Рифель ашты. Ол Колобов пен Глухихтің нәтижелі пасынан кейін шайбаны қарсылас қақпасына дәл бағыттады. Екінші кезеңде командалар есепті өзгерте алмады.

Шешуші үшінші кезеңде ойын қарқыны арта түсті. Алдымен «Ақтөбе» хоккейшісі Аипов есепті теңестірді. Алайда өскемендік команда ойын тізгінін өз қолына алып, екі шайба соқты. Әуелі Данияр Бутенко мен Гусейновтің көмегімен мергендік танытса, артынша Гусейнов Гатиятов пен Даниярдың нәтижелі пасын сәтті пайдаланып, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 3:1.

Матч барысында қос команда да белсенді ойын көрсетті. «Торпедо» қақпаға 34 соққы бағыттаса, «Ақтөбе» ойыншылары 31 рет шабуылдады.

Енді «Торпедо» келесі ойындарын 29 және 30 қазанда «Номад» командасына қарсы өткізбек.

Новые статьи

Өскеменде әуежайда темекі тұқылын жерге тастағандар камера арқылы анықталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Өскемен қаласында бейнебақылау камераларымен қоғамдық орындарды ластау және тыйым салынған жерлерде темекі шегу деректері тіркелді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінен...

В Усть-Каменогорске камеры зафиксировали три случая выброшенных окурков и курение в аэропорту

В Усть-Каменогорске по записям камер видеонаблюдения привлекли к административной ответственности четырех человек за загрязнение общественных мест и курение в запрещенных зонах. Три нарушения зафиксировали в...

В Казахстане направили 122,6 млрд тенге на проекты по переработке отходов

АО «Жасыл даму» направило 122,6 млрд тенге утилизационных платежей на финансирование 34 проектов по развитию инфраструктуры обращения с отходами. Средства выделяют на создание перерабатывающих...

В Казахстане с 2027 года обновят правила ведения Цифровой карты семьи

С 1 января 2027 года в Казахстане начнут действовать обновленные правила формирования и ведения Цифровой карты семьи. Система будет автоматически собирать сведения из государственных...