ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады.

ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан тыс тексеруді аяқтады. Тексеру Верхнеберезов кенті тұрғындарының өтінішінен кейін жүргізілді.

— Кен орнының аумағын тексеру барысында нысанда іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілгені анықталды. Бұл жұмыстар кезінде сорғы жабдықтарының көмегімен шахта суы сорылып, кейін Березовка өзеніне ағызылған. Қоршаған ортаға ықтимал әсерді бағалау үшін мамандар шахта суы мен топырақтан сынама алды. Зертханалық зерттеу нәтижелері өзен мен топырақ құрамында ластаушы заттар мөлшерінің жоғарылағанын көрсетті, — деп хабарлады департаменттен.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 328, 331, 337 және 358-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәсіпорында экологиялық рұқсаттың жоқ екені анықталды. Іс материалдары заңнамада белгіленген тәртіппен қарау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ кәсіпорынға анықталған заңбұзушылықтарды жою және кен орны аумағынан шахта суының, ластанған жаңбыр және еріген қар суының өзенге түсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқамалар берілді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...

В Риддере создают зеленый уголок для будущих поколений

В новой школа «Шанырак» Риддера будут расти не только знания и таланты учеников, но и настоящие сибирские ели. Школьный двор превращают в зеленую территорию,...