Күршімде жастар және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапары барысында Құйған ауылындағы жастар және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы құрылысының барысымен танысты.

Ғимараттың құрылысын жүргізу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға 2026 жылы «ДОСПроектСтрой» ЖШС-мен қол қойылған. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгінде ғимараттың негізгі құрылысы аяқталған. Шатыр орнатылып, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Терезелер мен есік блоктары да қойылған. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары орындалуда. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Осы орталықтың салынуын тұрғындар талайдан бері сұрап жүрген. Жастар да, қарттар да бұл жерге келіп, уақыттарын пайдалы өткізе алатын болады. Жас буын үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ түріп, түрлі іс-шаралар, кездесулер ұйымдастырады», — деді аймақ басшысы.

Жаңа орталық ауыл тұрғындарының мәдени тынығуына және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық орынға айналмақ. Оның құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп көзделіп отыр.

Новые статьи

Казахстанцы могут оформить дополнительную социальную выплату после утраты трудоспособности

Жители Казахстана, которым установили степень утраты общей трудоспособности от 30% до 100%, могут получать не только государственное пособие по инвалидности, но и дополнительную социальную...

В Астане открылась международная аграрная выставка KazAgroFarm-2026

Более 350 компаний из 25 стран представили сельскохозяйственную технику, цифровые решения и технологии для растениеводства и животноводства на 17-й международной выставке KazAgroFarm-2026 в Астане....

Минздрав Казахстана обновил правила оказания помощи при профессиональных заболеваниях

С 31 октября 2026 года в Казахстане начнет действовать обновленный стандарт оказания медицинской помощи при профессиональной патологии. Документ определяет требования к медицинским организациям, специалистам...

В Казахстане разыграют 30 млн тенге за лучшие патриотические песни

В Казахстане объявили республиканский конкурс патриотических песен к 35-летию Независимости страны. Поэты и композиторы смогут побороться за призовой фонд в 30 млн тенге. Заявки...