Аюлар, ұйықтайтын кез келді! ШҚО тұрғындары маймақтардың әлегінен қашан құтылады?

Биыл жаз бен күзде аюлар Шығыс Қазақстан тұрғындарын әбден әбігерге салды. Тайга қожайындары Риддер көшелерін еркін кезіп, саяжайларға кіріп, омарталарды ойрандап, ауыл тұрғындарының үрейін ұшырып жүр. Көршілес Ресейдің Алтай өңірінде де жағдай мәз емес: жыртқышпен кездесу қайғылы аяқталды. Маймақтар апандарына қашан кетеді? Осы сұрақты ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарына қойдық.

Мамандар аюлар қазан айының соңына дейін қысқы ұйқыға кетеді деп болжап отыр. Аңшылық мамандарының айтуынша, аюлар апандарын дайындап қойған. Алайда күздің әдеттегіден жылы болуы олардың белсенді жүретін кезеңін ұзартып жіберді. Ауа райы мүмкіндік беріп тұрғанда жануарлар қорек іздеп, ұзақ қыстауға қажет май қорын жинауды жалғастырады.

Қазір ауа температурасы біртіндеп төмендеп келеді. Демек, табиғат өз дегенін жасайды. Тұрақты суық түскенде аюлар апандарына кіріп, ұзақ қыс айларын сонда өткізеді. Дегенмен мамандардың ескертуінше, аюлардың бәрі «апанға!» деген пәрмен берілгендей бір мезетте ұйқыға кетпейді. Сондықтан күн суытса да, жыртқышпен бетпе-бет келу қаупі толық жойылмайды.

Қазір әсіресе саңырауқұлақ терушілер сақ болғаны жөн. Күзгі орман әлі де саңырауқұлағымен қызықтырғанымен, дәл сол жерде қысқа дайындалып жүрген аюға күтпеген жерден тап болуыңыз мүмкін. Мамандар орманға жалғыз бармауға, қалың бұталардың арасынан аулақ жүруге және жүргенде дыбыс шығарып отыруға кеңес береді.

Жақын маңнан аю көрінсе, қашуға, оған жақындауға немесе суретке түсіруге тырысуға болмайды. Сабыр сақтап, одан баяу алыстау керек. Әсіресе қонжықтарын ерткен ұрғашы аюға кезігу қауіпті. Қонжықтар зиянсыз көрінгенімен, енесі дәл жанында болуы мүмкін.

Жыл басынан бері ғана орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағына аюлардың пайда болуына байланысты 90-ға жуық өтініш түскен. Хабарламалардың едәуір бөлігі Риддерден келген. Адамға қауіп төнген жағдайлар да болды. Риддер маңында аю омартада жұмыс істеп жүрген ер адамға шабуыл жасады. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

Жыртқыштардың жүргені туралы хабарлар Алтай мен Серебрянск қалаларынан, Ұлан және Марқакөл аудандарынан, тіпті Өскеменнен де түскен. Соңғы санақ деректері бойынша, Шығыс Қазақстанда 3296 аю мекендейді.

Әйтсе де қыс таяп келеді. Биылғы аю әлегі де сонымен бірге аяқталмақ.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске камеры следят за чистотой

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали, как жители выбрасывают шелуху от семечек и окурки в общественных местах. По всем фактам оформили материалы об административных правонарушениях. Нарушения...

ШҚО тұрғындары облыс әкімінің қабылдауында жол, баспана және туризмді дамыту мәселелерін көтерді

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жеке қабылдауында тұрғындар Ново-Явленка ауылындағы жолдың жағдайын, екі қала тұрғынының баспана мәселесін және «Рахман қайнары» аумағындағы мейрамхананы жалға алу мүмкіндігін...

Жители ВКО подняли вопросы дорог, жилья и развития туризма на приеме у акима области

На личном приеме акима Восточно-Казахстанской области жители обсудили состояние дороги в селе Ново-Явленка, жилищные проблемы двух горожан и возможность аренды ресторана на территории Рахмановских...

Ақша жымқырған «Таза Өскемен» кәсіпорны басшыларының жазасы 7 жылға ұзартылды

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы басшылары мен кәсіпкерге бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша тағайындалған жазаны...