Күршім аудандық прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға алименттік міндеттемелердің орындалуына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады. Талдау барысында 12 борышкердің балаларын ұзақ уақыт бойы асыраудан жалтарып келгені белгілі болды.
Берешек қалыптасқанына қарамастан, жеке сот орындаушылары оны өндіру бойынша қажетті шараларды қабылдамаған. Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін борышкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 950 мың теңге болатын алимент берешегінің бір бөлігі өтелді.
Сонымен қатар екі борышкер ресми түрде жұмысқа орналасқан. Бұл олардың табысынан алиментті тұрақты түрде ұстап, аударып отыруға мүмкіндік береді.
Тағы бір борышкер алимент төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қадағалау органының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алименттік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыруда.

