Зайсан көліне балық аулауға шығып, хабарсыз кеткен екі ер адамның денесі табылды

Екі ер адам 22 қыркүйекте балық аулауға шығып, сол күйі қайта оралмаған. Іздеу жұмыстары сегіз күнге созылды. Оған қатты жел, судағы толқын және көл акваториясының ауқымды аумағы кедергі келтірді.

— Оқиға Күршім ауданының Балықшы ауылдық округінде болған. 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға шыққан. Іздеу жұмыстарының алғашқы күнінде жағадан 3-4 шақырым қашықтықтан суға батқан қайық табылды. 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. Ал келесі күні құтқарушылар 1979 жылы туған екінші ер адамның денесін судан алып шықты, — деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары, жеке қайықтары бар жергілікті тұрғындар тартылды. Құтқарушылар 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, көлдің жағалауы мен акваториясын тексерді. Іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары да пайдаланылды.

Новые статьи

Глобальный индекс инноваций: ИИ меняет карту мирового прогресса

Мировая инновационная экономика вступает в новый этап: искусственный интеллект становится ключевым фактором роста, перестраивая инвестиционные потоки и ускоряя трансформацию научных идей в коммерческие технологии....

В Казахстане возобновят работу Telegram-бота для проверки нарушений при международных перевозках

В министерстве транспорта обсуждают изменения в разрешительной системе международных автомобильных перевозок. Одной из практических мер станет возобновление работы Telegram-бота, через который можно будет оперативно...

В Усть-Каменогорске из металлоприемного пункта похитили 217 кг меди

Кража произошла ночью на территории металлоприемного пункта в Усть-Каменогорске. Владелец объекта сообщил в полицию о пропаже восьми мешков с медью. По данным полиции, неизвестный проник...

В ВКО с начала года выявили более семи тысяч нарушений благоустройства

В Восточно-Казахстанской области с начала 2026 года выявили более семи тыс. нарушений в сфере благоустройства и охраны окружающей среды. Профилактические мероприятия полиция проводит совместно...