ШҚО-да 3 келіге жуық марихуана тасымалдаған адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткінің ірі партиясын жасырудың ерекше тәсілін анықтады. Үш келіге жуық тыйым салынған зат көліктің әртүрлі бөліктерінде көрінбейтін орындарға жасырынған. Есірткі орамалары дөңгелек ішінен, есік қаптамасының артынан және артқы орындықтардың арасынан табылды.

— Ұсталған 39 жастағы ер адам басқа өңірдің тұрғыны болып шықты. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол есірткіні басқа жақтан Өскемен қаласына әрі қарай өткізу мақсатында жеткізген. Күдікті «Паутина» және «Қарасора» алдын алу шаралары барысында ұсталды. Көлікті тінту барысында полицейлер өсімдік тектес зат салынған алты ораманы тапты, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Новые статьи

В Казахстане изменили правила наименования аэропортов и железнодорожных вокзалов

Правительство утвердило новый порядок присвоения и изменения названий аэропортов, портов, железнодорожных вокзалов и станций, станций метро, автовокзалов и других объектов государственной собственности. Правила также...

Олжас Бектенов поручил расширить применение водосберегающих технологий в сельском хозяйстве

В Казахстане планируют расширять площади с водосберегающими технологиями и сделать такое оборудование доступнее для аграриев. Премьер-министр Олжас Бектенов поручил проработать льготное финансирование для приобретения...

ШҚО-да диқандар 410 мың тоннадан астам астық бастырды

Шығыс Қазақстан облысында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау науқаны аяқталуға жақын. Бүгінде 241 мың гектар алқаптағы егін орылды. Бұл - жоспарланған көлемнің 97 пайызы....

В Казахстане сформируют запасы овощей на зиму и весну для сдерживания цен

В регионах Казахстана создадут запасы социально значимой овощной продукции на зимний и весенний периоды. Премьер-министр Олжас Бектенов поручил акиматам не допустить дефицита и необоснованного...