Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткінің ірі партиясын жасырудың ерекше тәсілін анықтады. Үш келіге жуық тыйым салынған зат көліктің әртүрлі бөліктерінде көрінбейтін орындарға жасырынған. Есірткі орамалары дөңгелек ішінен, есік қаптамасының артынан және артқы орындықтардың арасынан табылды.
— Ұсталған 39 жастағы ер адам басқа өңірдің тұрғыны болып шықты. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол есірткіні басқа жақтан Өскемен қаласына әрі қарай өткізу мақсатында жеткізген. Күдікті «Паутина» және «Қарасора» алдын алу шаралары барысында ұсталды. Көлікті тінту барысында полицейлер өсімдік тектес зат салынған алты ораманы тапты, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

