Марқакөл ауданында мыс өндіру және өңдеу зауыты кеңейтіледі

Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қалжыр ауылында аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

– Марқакөл ауданын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Ауданның одан әрі дамуына ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жоғары туристік әлеует, шағын және орта бизнес берік негіз қалайды. Қазір өнеркәсіп өндірісін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, 1 млрд теңгеге мыс өндіру және өңдеу зауытын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жоба өндірістік қуаттарды арттырып, металлургияға арналған өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2028–2030 жылдары аудан аумағында 2 жобаны іске асыру жоспарланған: алтын өндіру фабрикасын және Қалжыр өзенінде шағын су электр станцияларының каскадын салу, – деді облыс әкімі.

Марқакөл ауданында 330-дан астам шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мал шаруашылығы да дамып келеді: 8 айда 3,1 мың тонна ет және 8,3 мың тонна сүт өндірілді. Нұрымбет Сақтағанов пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту жұмысын жандандырып, жемшөп базасын нығайту қажет екенін атап өтті.

– Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 11 туристік маршрут бар. Ақжайлау ауылында «Уасси» этноауылы дамып келеді. Онда келушілерді ұлттық мәдениетпен және салт-дәстүрлермен таныстырып, табиғат аясында демалыс пен атпен серуендеуді ұйымдастырады. Туризмді дамыту үшін Ұранхай ауылының рекреациялық аймағында абаттандыру және инженерлік инфрақұрылым құру жобасы іске асырылды, – деді ШҚО әкімі.

Новые статьи

ШҚО-да болашақ заңгерлер полиция жұмысымен танысты

Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Кездесу дуалды оқыту аясында...

Будущим юристам ВКО рассказали о работе полиции

Как проходит досудебное расследование и как защищают права потерпевших, обсудили студенты Казахстанско-Американского свободного университета с сотрудниками Департамента полиции Восточно-Казахстанской области. Встреча прошла в рамках...

Отсутствие инвесторов сдвигает сроки строительства крупнейшего горнолыжного курорта в ВКО

Речь идёт о проекте «Анатау» в Риддере, который изначально был заявлен как крупнейший горнолыжный курорт в Азии. Проект был анонсирован ещё несколько лет назад. Была...

Өскеменде өрт кезінде 15 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды

Өскеменде өрт сөндірушілер түтін басқан қауіпті аймақтан 15 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Өрт Жастар көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде шыққан. Екінші қабаттағы пәтерде...