ШҚО-да болашақ заңгерлер полиция жұмысымен танысты

Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Кездесу дуалды оқыту аясында өтті.

«Құқықтану» факультетінің 4-курс студенттеріне сабақты ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Умутов өткізді. Болашақ заңгерлер заңнамадағы соңғы өзгерістермен танысты. Соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау саласындағы өзгерістерге назар аударылды.

Кездесуде мамандықтың тәжірибелік қырлары да сөз болды. Студенттерге қылмыстық қудалау органдарының немен айналысатыны, тергеу бөлімшелерінің заңдылықты қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлі түсіндірілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалай жүргізілетіні бөлек талқыланды.

Оқуды бітіргеннен кейінгі жұмыс жайы да әңгімеге арқау болды. Студенттерге ішкі істер органдарына қызметке орналасу, кәсіби даму және тергеу бөлімшелерінде мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Новые статьи

Будущим юристам ВКО рассказали о работе полиции

Как проходит досудебное расследование и как защищают права потерпевших, обсудили студенты Казахстанско-Американского свободного университета с сотрудниками Департамента полиции Восточно-Казахстанской области. Встреча прошла в рамках...

Отсутствие инвесторов сдвигает сроки строительства крупнейшего горнолыжного курорта в ВКО

Речь идёт о проекте «Анатау» в Риддере, который изначально был заявлен как крупнейший горнолыжный курорт в Азии. Проект был анонсирован ещё несколько лет назад. Была...

Өскеменде өрт кезінде 15 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды

Өскеменде өрт сөндірушілер түтін басқан қауіпті аймақтан 15 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Өрт Жастар көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде шыққан. Екінші қабаттағы пәтерде...

В Усть-Каменогорске при пожаре эвакуировали 15 человек, в том числе двоих детей

В Усть-Каменогорске пожарные эвакуировали из опасной зоны задымления 15 человек, в том числе двоих детей. Возгорание произошло в 10-этажном жилом доме на улице Жастар. В...