Марқакөлде ауруларды ерте анықтау жұмыстары күшейтіліп, тапшы дәрігерлер тартылады

Марқакөл ауданында тұрғындарға 20 денсаулық сақтау ұйымы қызмет көрсетеді. Алайда медицина мамандарының тапшылығы әлі де сезіледі.

Бүгін ауруханаға барған Шығыс Қазақстан облысының әкіміне ауданда хирург, анестезиолог-реаниматолог және жалпы практика дәрігері жетіспейтіні айтылды. Ірі медициналық орталықтарға дейінгі қашықтық ондаған, тіпті жүздеген шақырым болатын шалғай елді мекендерде бұл мамандарға сұраныс жоғары.

Тұрғындармен кездесуде өңір басшысы онкологиялық аурулардың көрсеткіштеріне де арнайы тоқталды. Жыл басынан бері ауданда қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 48,8%-ға төмендеді. Бұл – елеулі нәтиже. Сонымен қатар сырқаттанушылық 2,3%-ға өсті.

Анықталған жағдайлар санының артуы ең алдымен диагностиканың белсенді жүргізілуімен байланысты. Скринингтер, ауруларды ерте анықтау және профилактикалық тексеру жұмыстары күшейтілді. Аудан ауылдарының тұрғындары көпбейінді онкологиялық орталықта алғашқылардың бірі болып толық медициналық тексеруден өтті. Ауру неғұрлым ерте анықталса, уақтылы ем алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына аудан әкімдігімен бірлесіп, аурулардың алдын алу және ерте анықтау жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ қажетті медицина мамандарын тарту шараларын қабылдауды тапсырды.

– Алдағы уақыттағы басты міндет – шалғай аудан тұрғындарының қажетті көмекті уақтылы әрі мүмкіндігінше жүздеген шақырым жол жүрмей алуына жағдай жасау. Аудандағы бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі көп жағдайда жергілікті жерде мамандардың болуына және аурулардың ерте анықталуына байланысты, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

ШҚО-да болашақ заңгерлер полиция жұмысымен танысты

Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Кездесу дуалды оқыту аясында...

Будущим юристам ВКО рассказали о работе полиции

Как проходит досудебное расследование и как защищают права потерпевших, обсудили студенты Казахстанско-Американского свободного университета с сотрудниками Департамента полиции Восточно-Казахстанской области. Встреча прошла в рамках...

Отсутствие инвесторов сдвигает сроки строительства крупнейшего горнолыжного курорта в ВКО

Речь идёт о проекте «Анатау» в Риддере, который изначально был заявлен как крупнейший горнолыжный курорт в Азии. Проект был анонсирован ещё несколько лет назад. Была...

Өскеменде өрт кезінде 15 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды

Өскеменде өрт сөндірушілер түтін басқан қауіпті аймақтан 15 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Өрт Жастар көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде шыққан. Екінші қабаттағы пәтерде...