ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары «Жатақхана» профилактикалық акциясы аясында рейдтер жүргізіп жатыр. Мақсат – өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын жою.
Мамандар көбіне электр сымдары мен эвакуация жолдарының талапқа сай келмейтінін, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарының толық жинақталмағанын анықтайды.
Құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып, өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керегін түсіндіреді.

