Өскеменде ауадағы ластаушы заттардың мөлшері екінші күн қатарынан шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асып отыр. «Қазгидромет» РМК дерегінше, қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай байқалады.
Бүгінгі ауа райы ластаушы заттардың ауада жиналуына ықпал етеді.
Мониторинг бекеттерінің дерегінше, күкірт диоксидінің концентрациясы ШРК-ның 1,016 есесін, ал күкіртсутектің концентрациясы 1,138 есесін құрады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайдың 1, 2 немесе 3-дәрежесі туралы ресми ескерту жарияланған жоқ.

