ШҚО-да азаматтық туралы заң талаптарын бұзған 38 адам жауапқа тартылды

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 620-дан астам адамның Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Тағы 38 адам азаматтық туралы заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді. Көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алғанын хабарламай, Қазақстан құжаттарын пайдалануды жалғастырған адамдарды анықтап жатыр.

– Анықталған деректердің басым бөлігі көрші мемлекеттердің азаматтығын алған адамдарға қатысты, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Осындай жағдайлардың бірі Алтай ауданында анықталды. 21 жастағы жергілікті тұрғын басқа мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы құзырлы органдарға уақытында хабарламаған. Тексеру кезінде оның құжаттары алынып, Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді.

ШҚО полиция департаменті басқа елдің азаматтығын алған жағдайда көші-қон қызметіне уақытында хабарлау қажет екенін еске салды.

Новые статьи

Более 1000 бывших срочников начали учиться по грантам

В этом году 1 745 военнослужащих, завершивших срочную службу, получили государственные образовательные гранты по проекту Министерства обороны «Срочники 2.0». Более 1 000 из них...

Өскеменде екінші күн қатарынан ауадағы ластаушы заттардың мөлшері шекті деңгейден асып отыр

Өскеменде ауадағы ластаушы заттардың мөлшері екінші күн қатарынан шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асып отыр. «Қазгидромет» РМК дерегінше, қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай байқалады. Бүгінгі ауа...

В Усть-Каменогорске второй день фиксируют превышение ПДК загрязняющих веществ в воздухе

Второй день в областном центре фиксируют превышение предельно допустимых концентраций загрязняющих веществ в воздухе. При этом, по данным РГП «Казгидромет», в Усть-Каменогорске наблюдаются неблагоприятные...

МВД расширит контроль средней скорости ещё на 2600 км дорог

В Казахстане расширят систему контроля средней скорости. Сейчас она действует на 12 участках дорог общей протяжённостью 2600 км. До конца года МВД планирует подключить...