ШҚО-да азаматтық туралы заң талаптарын бұзған 38 адам жауапқа тартылды

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 620-дан астам адамның Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Тағы 38 адам азаматтық туралы заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді. Көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алғанын хабарламай, Қазақстан құжаттарын пайдалануды жалғастырған адамдарды анықтап жатыр.

– Анықталған деректердің басым бөлігі көрші мемлекеттердің азаматтығын алған адамдарға қатысты, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Осындай жағдайлардың бірі Алтай ауданында анықталды. 21 жастағы жергілікті тұрғын басқа мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы құзырлы органдарға уақытында хабарламаған. Тексеру кезінде оның құжаттары алынып, Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді.

ШҚО полиция департаменті басқа елдің азаматтығын алған жағдайда көші-қон қызметіне уақытында хабарлау қажет екенін еске салды.

Новые статьи

Минтруда объяснило, что изменится в гарантии пенсионных накоплений

С 1 января 2027 года в Казахстане изменится порядок расчёта государственной гарантии по пенсионным накоплениям. Государство продолжит гарантировать сохранность взносов в ЕНПФ, но в...

В школах начинается первое промежуточное оценивание учеников 2-4 классов

С 23 по 30 сентября в школах пройдёт первый период промежуточного оценивания учеников 2-4 классов. В 2026-2027 учебном году его проводят наряду с формативным...

На дорогах Казахстана появятся ещё 48 лазерных систем

До конца года МВД планирует установить на дорогах Казахстана ещё 48 лазерных устройств. Сейчас 56 таких систем работают на 22 участках трасс. Новые устройства...

Более 1000 бывших срочников начали учиться по грантам

В этом году 1 745 военнослужащих, завершивших срочную службу, получили государственные образовательные гранты по проекту Министерства обороны «Срочники 2.0». Более 1 000 из них...