25–26 қыркүйекте Өскеменде Зайсан ауданының мәдениет күндері өтеді. Бағдарламада оқушылар көрмесі, гала-концерт, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар бар. Іс-шаралар облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында ұйымдастырылады.
25 қыркүйекте сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Зайсан жастары – жаңа дәуір үні» көрмесі ашылады. Аудан оқушылары жасанды интеллект, «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» құндылықтары туралы жұмыстарын ұсынады. Көрмеден кейін Зайсан ауданының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары гала-концертте өнер көрсетеді.
26 қыркүйекте сағат 08:00-де Жібек жолы көшесі, 44 мекенжайындағы «Алтай» сауда алаңында «Ауыл дәмі – тамаша» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады. Зайсандық өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Сол жерде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен мәдени-танымдық іс-шаралар да өтеді. Зайсан ауданының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын шақырады.

