Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл орман шаруашылығында шыққан өрттің беті қайтты.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Марқакөл ауданындағы «Марқакөл орман шаруашылығы» КММ аумағында орналасқан Ақжайлау орманшылығында таулы жерде шөп пен бұталар жанған.
— Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ бөлімшелерінің, орман шаруашылығының, «Қазавиаорманқорғау» қызметінің күштері мен құралдары және ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» авиациясы жұмылдырылды. Бүгін өрт бүкіл аумақта оқшауланды, — делінген ақпаратта.
ТЖМ тікұшақтарымен 9 рет су төгілді. Судың жалпы көлемі 4,5 тоннаны құрайды.
Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Оқиға орнындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

