ШҚО-да жылыту маусымына дайындық барысына бақылау күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Жиында ел өңірлерінің алдағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды.

Шығыс Қазақстандағы жағдайға тоқталсақ, аймақтағы үш жылу электр орталығының дайындық деңгейі 96%-ды құрайды. 737 шақырым электр желісінде күрделі жөндеу толық аяқталды, жылу желілерінің дайындығы — 98%. Сумен жабдықтау және су бұру желілері, автономды қазандықтар мен бюджеттік сала нысандары 100% дайын.

Облыс басшылығы Риддер ЖЭО-ға ерекше назар аударып отыр. Мұнда №5 қазандықты жөндеу аяқталды, №6 қазандықтың дайындығы 90%-ға жетті. Ондағы жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал жылу желілерінің жөндеу жұмыстары 98%-ға орындалды.

Жалпы дайындық деңгейі жоғары болғанына қарамастан, Нұрымбет Сақтағанов барлық жұмысты толық аяқтағанға дейін қарқынды төмендетпеуді тапсырды. Облыс әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Бақытжан Байахметовке Серебрянск және Жаңа Бұқтырма елді мекендеріндегі нысандардың дайындығын жеке тексеру, жылу желілерінің жағдайын бақылау және көмір жеткізілімін назарда ұстау міндеті жүктелді.

Нұрымбет Сақтағанов денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау басқармаларына да бірқатар тапсырма берді. Барлық әлеуметтік нысан жылумен тұрақты қамтамасыз етіліп, жылыту маусымын іркіліссіз өткізуі тиіс.
Тұрғындар мен жылу көздеріне көмір жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 354,2 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл жалпы қажеттіліктің 72,3%-ын құрайды. Тағы 15 мың тонна көмір ШҚО-ның теміржол тұйықтарында тұр.

Жылыту маусымына дайындық өңір басшылығының ерекше бақылауында.

Новые статьи

SunExpress запустит два рейса в неделю между Астаной и Измиром

Турецкая авиакомпания SunExpress планирует открыть регулярное авиасообщение между Астаной и Измиром. Рейсы по новому направлению будут выполнять два раза в неделю. 15 сентября председатель комитета...

Резерват «Ертіс орманы» получил 75 единиц спецтехники, приобретенных на средства утилизационных платежей

Более 2,9 млрд тенге направило АО «Жасыл даму» на обновление материально-технической базы государственного лесного природного резервата «Ертіс орманы» в Павлодарской области. Средства утилизационного платежа...

Партия «Әділет» предложила сделать историческую память приоритетом информационной политики

Фракция партии «Әділет» направила депутатский запрос министру культуры и информации Арману Оразбаеву с предложениями по формированию национального исторического сознания и работе с историческим контентом...

В центральном аппарате МВД открыли комнату психологической разгрузки для полицейских

В центральном аппарате министерства внутренних дел появилась комната психологической разгрузки для сотрудников. Здесь полицейские смогут получить консультацию специалиста, восстановиться после эмоциональных нагрузок и снять...