Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді

Шығыс Қазақстанның әр қала, ауданының жетістіктерін паш етіп, өнерлі жандарын танытуды мақсат еткен «Туған жер — алтын бесігім» облыстық жобасы биыл да жалғасын тауып отыр. Соның аясында 17-19 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында Алтай ауданының мәдение күндері өтеді.

17 қыркүйекте сағат 10:00-де — Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылады.

18 қыркүйекте сағат 10:00-ден бастап шаралар легі Арбатта жалғасады. Бұл күні Алтай ауданын жаңа қырынан танып, балалар мен суретшілердің шығармалары арқылы оның өзіндік болмысын сезінуге мүмкіндік жасалады. Халық ауданның табиғаты, туризмі, экологиялық бастамалары, мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы ақпарат алып, заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің Алтайға ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктерімен танысады.

Сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Алтай: цифрлық болашақ аумағы» көрмесі өтеді. Көрмеде ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі таныстырылып, жетістіктері мен жаңа жобалары ұсынылады.

Сағат 18:00-де филармонияның концерт залында Алтай ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.

19 қыркүйекте сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өнімдерді аудан өндірушілерінің өзінен тікелей сатып ала алады.

Новые статьи

В центральном аппарате МВД открыли комнату психологической разгрузки для полицейских

В центральном аппарате министерства внутренних дел появилась комната психологической разгрузки для сотрудников. Здесь полицейские смогут получить консультацию специалиста, восстановиться после эмоциональных нагрузок и снять...

В Восточном Казахстане завершился селеопасный период

С 16 сентября в Восточно-Казахстанской области завершен селеопасный период, который продолжался с 15 мая. За это время в регионе не произошло чрезвычайных ситуаций и...

ВКТУ расширяет международное сотрудничество с университетами Кореи

Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева подписал меморандумы о взаимопонимании с Hanbat National University и Kyungsung University. Договорённости достигли в рамках государственного визита Президента...

В Казахстане предложили расширить меры поддержки детей с инвалидностью

Депутат партии «Әділет» Елдос Баялышбаев направил премьер-министру Олжасу Бектенову депутатский запрос о совершенствовании системы комплексной поддержки детей с инвалидностью с учетом их индивидуальных способностей...