Ветеринариялық кәсіпорын тексерілгеннен кейін бес лауазымды тұлға жазаланды

Ұлан ауданының прокуратурасы «Ұлан-Вет» ШЖҚ КМК-да еңбек және бюджет заңнамасының бұзылғанын анықтады. Мемлекетке келтірілген залал 11,3 млн теңгені құрады. Оның 5,5 млн теңгесі бюджетке қайтарылды.

Тексеру барысында бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары мен еңбекті қорғау талаптарының да бұзылғаны белгілі болды. Кәсіпорында жалақы заңсыз есептеліп, қызметкерлерге негізсіз сыйақы берілген. Сондай-ақ мақсаты белгісіз төлемдер жасалып, жалған іссапар шығыстары рәсімделген.

Жануарларды аулау, стерилизациялау, вакциналау және мекендеу ортасына қайтаруды көздейтін ОСВВ бағдарламасын іске асыру кезінде де заңбұзушылықтар анықталды.

Қызметкерлердің қауіпсіздігіне қатысты жағдай да мәз болмаған. Персонал жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген, ал міндетті қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өтпеген адамдар жұмысқа жіберілген. Прокуратураның бағалауынша, бұл жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бес лауазымды тұлға тәртіптік, тағы екі басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалған соманы өндіріп алу және анықталған заңбұзушылықтарды толық жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске прошел турнир памяти Бердибека Сапарбаева

В областном центре в четвертый раз прошел открытый республиканский турнир по мини-футболу среди любительских команд, посвященный памяти государственного и общественного деятеля Бердибека Машбековича Сапарбаева. За...

В Усть-Каменогорске ко Дню Республики подняли государственный флаг

Сегодня, 25 октября, в День Республики Казахстан в Усть-Каменогорске на амфитеатре состоялась торжественная церемония поднятия Государственного флага на новом флагштоке. Мероприятие стало символом уважения к...

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...