Өскеменде тұрғындар егеуқұйрықтардың қаптап кеткеніне шағымданды

Өскемен қаласының тұрғындары бірнеше көшедегі көпқабатты үйлер маңында егеуқұйрықтардың жаппай көбейіп кеткеніне шағымданды. Олардың айтуынша, кеміргіштер тұрғын үйлер мен қоқыс жәшіктері орналасқан аумақта қаптап жүреді.
Мәселе Астана көшесіндегі №4 және №6 үйлерге, Н. Назарбаев даңғылындағы №1, №1/1, №3 және №3/1 үйлерге қатысты.

Тұрғындар бұл туралы әлеуметтік желіге видеолар жариялап, өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Кадрлардан қоқыс жәшіктері орналасқан аумақта бірнеше егеуқұйрықтың жүргенін көруге болады.

— Егеуқұйрықтар қаптап кетті. Тұрғын үйлердің жанында, қоқыс төгілетін жерде еркін жүреді. Бұл туралы ПИК-ке де айттық. Кеміргіштермен күрес тек жекелеген жертөлелерді өңдеумен шектелмесе дейміз. Қоқыс маңы мен оған іргелес аумақты қоса алғанда, бүкіл ошаққа кешенді дератизация жүргізілуі қажет, — дейді көше тұрғындары.

Осы мәселеге қатысты Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен жауап берді.

— Күзгі дератизация жұмыстары аясында 28-31 тамыз аралығында қала аумағында уланған жемдерді алғашқы рет орналастыру жұмыстары жүргізілді. Барлығы 7 күндік аралықпен 3 рет уланған жем орналастыру жоспарланған. Бұған дейін осындай жұмыстар көктемде жүргізілген. Қолданылатын родентицидтердің әсері бірден байқалмайды. Кеміргіштер уланған жемді жегеннен кейін бірнеше күн өткен соң өледі. Осы кезеңде олардың мінез-құлқы өзгеріп, су іздеп, тұрақты мекендеу орындарынан сыртқа шығуы мүмкін, — делінген жауапта.

Ведомство дерегінше, осыған байланысты кеміргіштердің күндізгі уақытта, оның ішінде қоқыс контейнерлері орналасқан аумақта пайда болуы дератизация жұмыстары жүргізілмегенін немесе оның тиімсіздігін білдірмейді.

— 5-6 қыркүйекте уланған жемдерді екінші рет орналастыру жұмыстары жүргізілді. Белгіленген 7 күндік аралық өткеннен кейін күзгі дератизация жұмыстарының аясында үшінші, қорытынды орналастыру жүргізіледі. Күзгі дератизация жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғасып жатыр. Ең жоғары тиімділікке қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдарды, оларға іргелес аумақтарды және көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерін кешенді өңдеу арқылы қол жеткізіледі, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

Таза ауызсуға дейін 3 шақырым: Самар ауылындағы жоба мәресіне жақындады

Самар ауылында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жоба мәресіне жақындады. Қазіргі уақытта нысанда іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада жаңа сумен жабдықтау жүйесін...

В Усть-Каменогорске произошел конфликт между мужчиной и подростками

Конфликт между мужчиной и подростками в областном центре завершился применением перцового баллончика. Инцидент произошёл два дня назад на набережной. Мужчина, ехавший на велосипеде, в грубой...

ШҚО-да Осинов асуында асфальтты бүлдірген экскаватор жүргізушісі жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуы арқылы жүріп өткен шынжыр табанды экскаватор жол жамылғысын бүлдірген. Оқиға 7 қыркүйек күні Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Рахман қайнарлары тасжолының 55-60 шақырымында болған....

Президент принял председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадину Абылкасымову

Глава государства заслушал отчет о результатах регулирования и развития финансового рынка за 8 месяцев 2026 года и задачах на предстоящий период. Мадина Абылкасымова: сообщила, что в...