ШҚО-да биыл 50-ге жуық адамның велосипеді ұрланған

Жыл басынан бері өңірде велосипед ұрлығының 48 дерегі тіркелді. Оның ішіндегі 42 қылмыс ашылып, ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды.

— Азаматтар велосипедтерін аулаларда, кіреберістерде, дүкендердің жанында және басқа да көпшілік орындарда қараусыз қалдырып жатады, ал бұл ұрылардың оңтайлы сәтті пайдалануына жол ашады. Осындай жағдайлардың бірі Өскемен қаласында болған. Жергілікті тұрғын бір ай бойы велосипедін үйдің ауласында қалдырып келді. Бір күні ол мүлкінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұрланған велосипед табылып, иесіне қайтарылды, — деп хабарлады облыстық ПД.

Полиция велосипедтерді тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмауға, сенімді ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдалануға және мүмкіндігінше оларды жабық үй-жайда сақтауға кеңес берді.

— Велосипедтерді кіреберіс алаңға, тамбурларға және эвакуация жолдарына қоюға болмайды. Өрт шыққан жағдайда олар тұрғындардың қауіпсіз шығуына және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...