Ұлан ауданы Донское ауылының маңында «Жасыл аймақ» эко-саябағы жобасы іске асырылуда

Бұл туралы бүгін Ұлан ауданы тұрғындарымен есептік кездесу өткізген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

— Қазіргі уақытта Ұлан ауданында туристерді орналастыратын 25 орын тіркелген. Өткен жылы аудан 14,4 мың туристі қабылдады. Туристік инфрақұрылым жүйелі түрде дамытылып, жаңартылуда. Жазда Шалқар көлінде қалалық жағажай жұмыс істейді. Биыл демалушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жағажай аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық бюджет есебінен Донское ауылының маңында «Жасыл аймақ» эко-саябағын құру жобасы іске асырылуда. Бұл үшін 20 гектар жер учаскесі бөлінді, — деді ол.

Алмасай ауылында қазақ дәстүрлері, ұлттық мәдениет пен табиғат аясындағы демалысты үйлесімді ұштастыратын «Тұлпар» этно-ауылы бой көтеруде. ШҚО әкімі Ұлан ауданының әкіміне туризм және инвестициялар басқармасымен бірлесіп туристік аймақтар мен жағажайларды кешенді түрде абаттандыру жұмыстарын жалғастыру, туристік инфрақұрылымды дамытуға және жаңа туристік өнімдерді құруға инвестициялар тарту жұмыстарын жандандыру міндеттерін қойды.

Аудандағы жол желісінің жалпы ұзындығы 700 шақырымды құрайды. Биыл 121,4 шақырым жол мен көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

— Ұлан ауданында 45 елді мекеннің 39-ы немесе халықтың 98%-і  интернетпен қамтылған. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС лицензиялық міндеттемелерін орындау шеңберінде Алғабас ауылына 2027 жылдың соңына дейін интернет тарту жоспарланған. Қалған 5 елді мекен үшін спутниктік технологияларды және жергілікті желілік шешімдерді пайдалануды қоса алғанда, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің балама нұсқалары қарастырылып жатыр, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...