Катонқарағайда қаза болған өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкеріне қатысты іс сотқа жетті

Оқиға биыл қаңтар айында Катонқарағай ауданында болған. Марқұмның әйелі өз сөзінде күйеуіне №21 өрт сөндіру бөлімшесінде пышақ жарақаты келтірілгені, ал әріптестері полицияға немесе жедел жәрдемге хабар бермей, оны ауруханаға өздері жеткізгенін мәлім етті.

— Жолдасыма пышақ жарақатын салу фактісі бойынша және осы оқиғадан кейін Катонқарағай ауданының №27 өрт сөндіру бөлімінің лауазымды тұлғалары мен медицина қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді талап етемін. Қазіргі уақытта кінәлі адам әлі де тиісті жазасын алған жоқ. Осыған байланысты аталған жағдай басынан аяғына дейін толық әрі объективті түрде тергелсе дейміз. Сондай-ақ соттың істің барлық мән-жайын жан-жақты ескеріп, заңға сәйкес әділ шешім шығаруын талап етемін, — дейді Меруерт Қайратқызы.

Ал облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша күдікті тұлғаға қатысты жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

— Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Катонқарағай ауданының сотына жолданған, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

ШҚО аумағында 600-ден астам қауіпті нысан анықталды

Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпті нысандар картасы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы өңір прокуратурасынан мәлім етті. Бағдарлама бастамашыларының негізгі мақсаты - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету...

В ВКО около 700 молодых людей призовут на срочную службу

Осенняя призывная кампания стартовала в Восточно-Казахстанской области 1 сентября. До конца призыва из региона планируется направить около 700 человек в Вооруженные силы и другие...

Жылдар бойы күткен су келді: Самар ауданындағы ауылдар орталықтандырылған су жүйесіне қосылуда

Құлынжон, Көкжыра және Аққала ауылдарының тұрғындары көпшілік үшін күнделікті үйреншікті жағдайға айналған үйдегі краннан су ағуын жылдар бойы күтті. Бұған дейін бұл шағын елді...

Большегрузы повредили более 10 тысяч квадратных метров новой трассы «Усть-Каменогорск — Талдыкорган»

На республиканской трассе Талдыкорган – Калбатау – Усть-Каменогорск приходится восстанавливать дорожное покрытие, несмотря на то, что дорога находится на гарантийном периоде. Одной из причин...