ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында іске қосылды.

Бұл қызмет адам жол апатына түсіп, кенеттен өзін жайсыз сезініп немесе басқа себеппен ауруханаға жеткізіліп, жақындарымен өзі байланыса алмай қалған жағдайда қажет болады. Мұндай кезде хабарлама ол алдын ала таңдаған сенімді тұлғаларға жіберіледі.

Сервисті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі іске қосты. Жаңа қызмет «Ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыс тұлғаларын тіркеу» деп аталады.

Қызметті eGov.kz порталы арқылы қосу үшін:

порталға кіру;

«Ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыс тұлғаларын тіркеу» қызметін таңдау;

сенімді тұлғаның ЖСН-ін көрсету қажет.

Мобильді азаматтар базасында тіркелген, жасы 18-ден асқан адам сенімді байланыс тұлғасы бола алады. Оның деректерін енгізгеннен кейін пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге және денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді беруге келісім беріп, сұрау жолдауы керек.

Көрсетілген адамға тіркеуді растау немесе одан бас тарту ұсынылған SMS келеді. Келісу үшін 911 кодымен, бас тарту үшін 912 кодымен жауап хабарлама жіберу қажет.

Шешім қабылдауға бес сағатқа дейін уақыт беріледі. Сенімді байланыс тұлғасы келіссе, пайдаланушы сұрауға қол қоюы керек. Осыдан кейін мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

eGov Mobile қосымшасында қызмет «Мемлекеттік қызметтер» → «Денсаулық сақтау» бөліміне орналастырылған. Тіркеу тәртібі порталдағы рәсіммен бірдей. Өтінішті Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі 10 минутқа дейін өңдейді.

eGov.kz порталында тіркеу мәртебесін «Менің профилім – Жеке кабинет» бөлімінен тексеруге болады. eGov Mobile қосымшасында ақпарат «Хабарламалар – Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі.

Сервис жақындарына адамның ауруханаға жатқызылғанын жедел білуге және онымен немесе медициналық ұйыммен дер кезінде байланысуға көмектеседі.

Новые статьи

Казахстан выступит во всех дисциплинах VI Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на одном из крупнейших международных этноспортивных событий представит масштабная национальная сборная: 152 спортсмена...

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...