ШҚО-да мемлекеттік мекеменің бухгалтері бюджеттен 10 млн теңгені өз шотына аударған

Алтай ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекемеде бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады. Бухгалтер бір жыл бойы екі бюджеттік ерекшелік бойынша ақшаны өзінің банк шотына аударып отырған. Жалпы сома 10 млн теңгені құрады.

Заңбұзушылық Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бюджет қаражатының заңды әрі тиімді жұмсалуына жүргізілген тексеру кезінде анықталды.

Прокуратураның мәліметінше, бухгалтер мемлекеттік қаражатты өзіне заңсыз аудару үшін бір мезгілде екі бюджеттік ерекшелікті пайдаланған. Бұл тәсіл тексеру анықтағанға дейін бір жыл бойы жалғасқан.

Алтай ауданының прокуратурасы аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1), 2) тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алтай аудандық соты бухгалтерді кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар сотталған адам жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Алайда ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігі негізінде тағайындалған жазаны орындау кейінге қалдырылды. Бұған сотталған адамның жас баласының болуы себеп болды.

Ұрланған 10 млн теңге мемлекет кірісіне толық қайтарылды.

Новые статьи

В Казахстане могут изменить порядок прохождения срочной военной службы

Проект Плана военной реформы рассмотрели на заседании Совета Безопасности. Один из предлагаемых подходов – разделить срочную службу на два этапа: обучение в учебном центре...

Казахстанские школьники заняли пятое место на двух международных соревнованиях по дрон-спорту в США

12-летний Алихан Нсанбаев занял пятое место на чемпионате мира по дрон-рейсингу MultiGP World Championship 2026, а сборная Казахстана по дрон-футболу стала пятой на международном...

В Казахстане аттестуют более 300 руководителей медицинских организаций

В Казахстане началась аттестация более 300 руководителей организаций родовспоможения, детских стационаров и станций скорой медицинской помощи. Первый этап – тестирование – стартовал 14 октября. По...

В Казахстане за три года около семи тысяч подростков совершили преступления

В Казахстане за последние три года около 7 тысяч несовершеннолетних совершили преступления, причем каждое второе относится к категории тяжких или особо тяжких. Эти данные...