ШҚО-ның басты теміржол қақпасы реконструкциядан кейін ашылды

Өскеменде Өскемен-1 станциясының теміржол вокзалы реконструкциядан кейін қайта ашылды. 1938 жылы салынған ғимарат толық бұзылып, оның орнына ауданы 1,8 мың шаршы метр болатын заманауи вокзал тұрғызылды. Ол тәулігіне екі мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсете алады.

Ашылу рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, теміржол саласының ардагері Александр Степура және ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Алсейтов қатысты.

Бұрынғы вокзал сонау 1938 жылы салынған. Ғимаратты тексерген мамандар мұнда косметикалық жөндеу жеткіліксіз деген қорытындыға келді. Сондықтан ескі нысан толығымен бұзылып, орнына жаңа вокзал бой көтерді.

Вокзалдың аумағы екі еседен астам ұлғайды – 858 шаршы метрден 1,8 мың шаршы метрге дейін. Ғимараттағы инженерлік желілер мен коммуникациялар жаңартылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар перрон реконструкцияланып, айналасы абаттандырылды.

Жаңа вокзал қауіпсіздік, жайлылық және жолаушылар ағынын ұйымдастыру талаптарына сай жобаланған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін нысанның қолжетімді болуына да баса назар аударылды.

– Вокзалдың қауіпсіздігі мен қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінді. Қозғалысы шектеулі жолаушылар үшін лифтілер, эскалатор, көтергіш платформалар және тактильді навигация қарастырылған. Вокзал заманауи бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықталған, – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Станция арқылы күн сайын 12 жолаушылар пойызы өтеді. Олар Өскеменді Астана, Алматы, Аягөз, Жезқазған, Қарағанды және Достықпен байланыстырады.

Реконструкция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді. 2026 жылы елдегі 124 вокзалдың 121-ін жаңғырту жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысында бағдарлама бес теміржол вокзалын қамтыды. Бұған дейін Шемонаиха, Риддер, Алтай қалаларындағы және Күмістау станциясындағы жаңартылған нысандар пайдалануға берілді. Өскемен-1 вокзалының ашылуымен өңірдегі осы кезеңнің жұмыстары аяқталды.

– Жаңа теміржол вокзалы Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Ол көлік қолжетімділігін қамтамасыз етіп, ШҚО-ны еліміздің басқа өңірлерімен байланыстырады. Вокзалды жаңғырту жолаушыларға жайлы жағдай жасауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және инфрақұрылымды өсіп келе жатқан жолаушылар ағынына бейімдеуге мүмкіндік береді. Бір бағдарлама аясында біз бес вокзалды жаңғырттық. Бүгін жаңартылған Өскемен-1 вокзалын ашып, осы кезеңді аяқтап отырмыз. Бұл – облыс орталығының күн сайын мыңдаған жолаушы өтетін басты теміржол вокзалы. Олардың заманауи әрі жайлы қызмет алуы маңызды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жобаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырды.

Новые статьи

Инициатива «Таза Қазақстан» объединила более 6,9 млн человек

С начала года в Казахстане провели 753 экологических мероприятия в рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан». В них участвовали жители, волонтеры, молодежь, представители государственных органов,...

Выплаты по пенсионным аннуитетам в Казахстане достигли 81,5 млрд тенге

За восемь месяцев 2026 года страховые выплаты по пенсионным аннуитетам в Казахстане составили 81,5 млрд тенге, а объем страховых премий достиг 624,7 млрд тенге....

В ВКО 99% населения обеспечены доступом к интернету

В Восточно-Казахстанской области к сетям связи подключили 307 из 349 населенных пунктов. Доступ к интернету обеспечен для 713,6 тысячи жителей, что составляет 99% населения...

В Усть-Каменогорске работают 88 базовых станций 5G

В Усть-Каменогорске установили 88 базовых станций 5G оператора «Мобайл Телеком Сервис». До конца года планируется установить еще пять. Об этом сообщили на заседании областного...