Қорғаныс министрлігі офицерлерді даярлау жүйесін жаңартады

Қазақстандағы әскери білім беру жүйесін жаңа технологиялық талаптарға бейімдеу жоспарланып отыр. Болашақ офицерлерді даярлауда ұшқышсыз технологияларға, цифрлық құралдарға, көшбасшылық қасиеттерге, әскери ғылымға және командирлердің практикалық дайындығына басымдық беріледі.

Әскери мансапты таңдауды көздейтін шығысқазақстандық талапкерлер үшін бағыт айқын: енді тәртіптің өзі жеткіліксіз. Заманауи офицер технологияны меңгеріп, шешім қабылдай білуі және сол шешімі үшін жауапкершілік алуы керек.

Жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындары басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиынында талқыланды. Жиын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен өтті.

Басты тақырыптардың қатарында оқу процесін ұйымдастыру, әскери ғылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және командирлерді даярлау сапасын жетілдіру болды. Сондай-ақ қатысушылар қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді қарастырды.

Ұшқышсыз технологиялар бойынша мамандар даярлауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар әскери жоғары оқу орындары цифрлық құралдар мен интерактивті оқыту әдістерін белсенді қолдануды, курсанттардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуды жоспарлап отыр.

Жиын жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің өкілдері де қатысты. Олар мамандар даярлаудың заманауи тәсілдерін және оқу процесінде цифрлық шешімдерді пайдалану мүмкіндіктерін таныстырды.

Әскери оқу орындарының басшылары ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, перспективалы жобаларды әзірлеу және зерттеу нәтижелерін білім беру процесіне әрі әскердің тәжірибелік қызметіне енгізу мәселелерін қарастырды.

Жиынды қорытындылаған Асқар Мұстабеков қойылған міндеттер нақты іске ұласуы керектігін атап өтті. Нәтижеге әскери оқу орындарының басшылары дербес жауап береді.

– Жаңа оқу жылы нақты міндеттер мен түсінікті нәтижелерден басталуы керек. Жұмыс бағыттарын айқындап қана қоймай, олардың әр деңгейде жүйелі орындалуын қамтамасыз ету маңызды, – деді генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Жиын аяқталғаннан кейін қатысушылар Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне барды. Онда оларға жоғары оқу орнының заманауи техникалық әзірлемелері мен ғылыми жобалары, сондай-ақ мамандар даярлау ісіне озық технологияларды енгізудің ықтимал бағыттары таныстырылды.

Новые статьи

В ВКО остановили водителя без прав и с подложными номерами на автомобиле

В Восточно-Казахстанской области полицейские выявили 29-летнего водителя Chevrolet Cobalt, который управлял автомобилем, несмотря на лишение водительских прав сроком на семь лет. На машине также...

Казахстан обсудил с детским онкоцентром США сотрудничество по лечению рака

Министр здравоохранения Казахстана Акмарал Альназарова обсудила с руководством американского St. Jude Children’s Research Hospital возможности внедрения современных методов лечения детских онкологических заболеваний. Одной из...

На «Хоргосе» пресекли попытку вывезти в Китай 620 рогов сайги

20 октября на Международном центре приграничного сотрудничества «Хоргос» пограничники Казахстана пресекли попытку незаконного вывоза в Китай 620 рогов сайги. Об этом сообщила пресс-служба Комитета...

Казахстанские и российские спасатели отработали тушение трансграничных пожаров

В Омской области прошли совместные командно-штабные учения МЧС России и Казахстана по ликвидации природных пожаров на приграничных территориях. В тренировках участвовали более 130 специалистов,...