ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 4 күн бойы «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүргізілді.
— Соның барысында полиция қызметкерлері аң аулау құралдарын пайдалану талаптарының сақталуын да тексерді. Осылайша, 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 25-і аң аулау қағидаларын бұзуға, 21-і балық аулау қағидаларын бұзуға байланысты болып отыр, — делінген ақпаратта.
Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтарды аң аулау және балық аулау қағидаларын қатаң сақтауға шақырып, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

