Су құбыры дауы: ШҚО-да сот мердігерден 25 млн-ның орнына 134 мың теңге ғана өндірді

Шығыс Қазақстан облысының Тұрғысын ауылында су құбырын салған мердігерден айыпақыны қоса есептегенде 25 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алу талап етілген. Алайда сот сараптамасынан кейін орындалмаған жұмыстардың расталған құны 124 мың теңгеге дейін қысқарды.

Даулы мәселе құны 891,3 млн теңге болатын су құбыры желілеріне қатысты туындаған. Оларды салуға арналған келісімшартты Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мердігер ұйыммен 2022 жылғы мамырда жасасқан.

Нысан 2023 жылғы 1 желтоқсанда пайдалануға берілген. Алайда кейін мердігермен есеп айырысу кезінде бірқатар мәселе туындаған.

ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген тексеру барысында компанияға іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 14,75 млн теңге негізсіз төленген деген қорытынды жасалған.

Осыдан кейін тапсырыс беруші сотқа жүгінді. Ол аталған соманы қайтаруды ғана емес, мердігерден қосымша 10,6 млн теңге айыпақыны өндіріп алуды талап еткен.
Компания талаппен келіспеді. Мердігердің түсіндіруінше, сомадағы айырмашылықтар құрылыс жұмыстары барысында енгізілген өзгерістерге байланысты болған. Атап айтқанда, нысанда траншеясыз технология қолданылды. Жауапкер бұл шешімдер тапсырыс берушімен, авторлық және техникалық қадағалау тараптарымен келісілгенін мәлім етті. Бұл ретте жобаның құны артпаған.

Нақты қандай жұмыстардың орындалғанын анықтау үшін сот құрылыс-техникалық және экономикалық сараптама тағайындады. Сараптама нәтижесінде мамандар іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құнын 14,75 млн теңге емес, 124 177 теңге деп бағалаған.

Сонымен қатар жобаға енгізілген өзгерістер оның техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер етпегені және мемлекеттік сараптамадан қайта өтуді талап етпегені анықталды. Мердігер жабдықтар мен 421 су есептегішті тиісті актілер бойынша тапсырыс берушіге тапсырған.

Нәтижесінде ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды ішінара қанағаттандырды. Мердігерден 124 177 теңге өндірілді, ал тағы 14,6 млн теңгеден астам соманы өндіру туралы талап қанағаттандырылмады.

Айыпақының көлемі де айтарлықтай қысқарды. Талап етілген 10,6 млн теңгенің орнына мердігерден 10 612 теңге өндірілді. Сот тапсырыс берушінің айыпақыны есептеу кезінде келісімшарттың қолданылу мерзімінен асып кеткен кезеңді де есепке алғанын анықтаған.

Осылайша бастапқыда мәлімделген талаптардың небәрі 0,84 пайызы ғана негізді деп танылды. Соған байланысты сот сараптамасын жүргізуге жұмсалған 1,96 млн теңге шығын Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен мердігердің пайдасына өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді

Новые статьи

Қазақстан Халық Кеңесі будет сформирован во второй половине сентября

Во второй половине сентября в Казахстане сформируют Қазақстан Халық Кеңесі. Об этом президент Касым-Жомарт Токаев заявил на первой сессии Курултая. По словам главы государства, новый...

После формирования Курултая глава государства внесет кандидатуры вице-президента и премьер-министра

Президент Касым-Жомарт Токаев заявил, что после формирования структуры Курултая внесет на рассмотрение депутатов кандидатуры вице-президента и премьер-министра. Об этом глава государства сообщил на первой...

Касым-Жомарт Токаев предложил Айбека Дадебая на пост председателя Курултая

Президент Касым-Жомарт Токаев предложил депутатам Курултая кандидатуру Айбека Дадебая на должность председателя нового законодательного органа. Об этом глава государства заявил на первой сессии Курултая. Токаев...

Курултаю поручили ускорить принятие законов о защите детей и онлайн-платформах

На первой сессии Курултая Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил ряд законопроектов, которые новый депутатский корпус должен рассмотреть в приоритетном порядке. В их числе документы о...