Өскеменде жаңа құтқару станциясы ашылды

Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарының судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды нысан іске қосылды. Ертіс өзенінің жағасындағы «Самал» саябағында заманауи құтқару станциясы ашылды.
Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.
Өскемен үшін судағы қауіпсіздік мәселесінің маңызы ерекше. Қала Ертіс пен Үлбі өзендерінің бойында орналасқандықтан, әсіресе жаз мезгілінде өзен жағалауы тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналады. Осыған байланысты жаңа станцияның ашылуы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып отыр.
Жаңа құтқару станциясы заманауи қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда мамандар тұрақты кезекшілік атқарып, су айдынын бақылап, төтенше жағдай туындаған кезде адамдарға жедел көмек көрсетеді.
Салтанатты рәсім барысында ШҚО ТЖД гарнизонына төрт жаңа арнайы техника табысталды. Оның қатарында жоғары өтімді өрт сөндіру автокөліктері мен жедел-құтқару көліктері бар.
«Бүгін Өскеменнің көрікті жері – «Самал» саябағында маңызды нысанды ашып отырмыз. Бұл – ең алдымен, адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заманауи құтқару станциясы. Біз үшін кез келген инфрақұрылымдық жобаның басты өлшемі – оның адамға пайдасы. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа станцияның маңызы зор. Ол құтқарушылардың жұмысын тиімді ұйымдастырып, су айдынын тұрақты бақылауға және төтенше жағдай кезінде қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Оның айтуынша, судағы қауіпсіздік тек құтқарушылардың жұмысына ғана байланысты емес. Бұл – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
«Тұрғындардан су жағасында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды және демалыс үшін тек рұқсат етілген орындарды таңдауды сұраймын. Жаңа станция қаланың қауіпсіздік жүйесінің маңызды бөлігіне айналып, Ертісті тұрғындарымыз үшін одан да қауіпсіз демалыс орнына айналдыратынына сенімдімін», – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ шарада азаматтық қорғау органдары жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Новые статьи

Инвестиции в экономику ВКО увеличились до 431 млрд тенге

Экономика Восточно-Казахстанской области сохраняет положительную динамику. За отчетный период объем инвестиций в основной капитал вырос на 5% и достиг 431 млрд тенге. Об этом...

ШҚО-да 2030 жылға қарай 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тарту көзделіп отыр

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезекті 30-шы сессиясы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, депутаттар, басқарма басшылары мен қала, аудан...

Казахстан намерен привлечь международных партнеров к развитию приключенческого туризма

Казахстан и международная ассоциация Adventure Travel Trade Association договорились о сотрудничестве в развитии приключенческого и устойчивого туризма. Меморандум о взаимопонимании подписали в Астане АО...

Восточный Казахстан в Курултае будут представлять шесть депутатов

Первая сессия нового однопалатного парламента Казахстана состоится 28 августа в Астане. Соответствующий указ о созыве Курултая первого созыва 26 августа подписал президент Касым-Жомарт Токаев. Выборы...