22 тамызда Қазақстанда тыныштық күні басталады

Ертең, 22 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні басталады. Сағат 00:00-ден бастап кез келген сайлауалды үгітке тыйым салынады. Бұл шектеу дауыс беру күні, яғни 23 тамызда да күшінде болады.

Ресми үгіт науқаны 23 шілде күні сағат 18:01-де басталды. Бір айға жуық уақыт бойы партиялар кездесулер өткізіп, жарнама орналастырды, бейнероликтер шығарды, парақшалар таратты және сайлаушыларды жаңа Құрылтай дәл соларсыз дұрыс болмайтынына сендіруге тырысты.

Енді мұның бәрін уақытша тоқтатуға тура келеді. Орталық сайлау комиссиясы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің түсіндіруінше, тыныштық күні бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар және онлайн-платформалар арқылы саяси партияларды қолдап немесе оларға қарсы үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Тыйым салынатын әрекеттер:

  • нақты бір партияға дауыс беруге тікелей шақыратын жарияланымдар;
  • үгіт бейнероликтері, баннерлер, карточкалар және басқа да материалдар;
  • партиялық жарнаманы қайта тарату және ілгерілету;
  • көпшілік қатысатын үгіт шаралары мен кездесулер;
  • парақшалар мен басқа да сайлауалды өнімдерді тарату;
  • әлеуметтік желілердегі үгіт жарияланымдарын ақылы түрде ілгерілету;
  • жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларда үгіт жүргізу.

Интернетте бұрын жарияланған үгіт материалдарын өшіру міндетті емес. Алайда олар бұрынғы орнында қалуы керек. Оларды сайттардың басты бетіне қайта шығару, қайталап жариялау, бекітіп қою, жарнамалау немесе жаңалықтар лентасында жасанды түрде жоғары көтеруге болмайды.

Тыныштық күні сайлау туралы жаңалықтарға толық тыйым салынады деген сөз емес. БАҚ сайлау учаскелерінің жұмысы, дауыс беру тәртібі, қажетті құжаттар, сайлаушылар тізімі, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, бақылаушылар және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер туралы ақпарат бере алады. Бірақ мұндай материал үгітке айналмауы тиіс. Белгілі бір партияны қолдауға шақыру, біржақты мақтау, жарнамалық сипаттағы баяндау және аудиторияны нақты таңдау жасауға итермелеу қарапайым ақпараттандыру аясынан шығып кетеді.

Бұл талап редакциялар мен саяси штабтарға ғана емес, әлеуметтік желі қолданушыларына да қатысты. Белгілі бір партияға дауыс беруге тікелей шақыру оның БАҚ сайтында, Telegram-арнада немесе жеке парақшада жарияланғанына қарамастан, үгіт ретінде бағалануы мүмкін. «Бұл менің жеке пікірім ғана» деген түсініктеме заң алдында құтқара бермеуі ықтимал.

18 тамыздан бастап тағы бір бөлек тыйым күшіне енді. Дауыс беру күні аяқталғанға дейін мыналарды жариялауға болмайды:

  • қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелері;
  • сайлау қорытындысына қатысты болжамдар;
  • сайлауға байланысты зерттеулер;
  • партияларды қолдауға арналған онлайн-дауыс берулер.

Бұл шектеу әлеуметтік желілер мен Telegram-арналардағы сауалнамаларға да қатысты. Дауыс беру «жай ғана қызық үшін» деп аталып, жанына күліп тұрған эмодзи қойылса да, заңның салмағы жеңілдеп қалмайды.

Мұндай деректерді тек 24 тамыздан бастап жариялауға болады.

Сайлау күні толтырылған бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіруге, сондай-ақ мұндай бейнені таратуға тыйым салынады. Жасырын дауыс берудің аты да, заты да жасырын болуы керек.

Сайлауалды үгіт жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. БАҚ үшін жауапкершілік, соның ішінде үгіт материалдарын орналастыру талаптарын сақтамағаны және науқанға қатысушыларға тең жағдай жасау қағидатын бұзғаны үшін белгіленген.

Осылайша, 22 тамызда партиялар, штабтар, БАҚ пен блогерлер ұрандарын бір шетке қойып, сайлаушыларға көз алдынан кезекті ролик немесе мақала шықпайтын кемінде бір тәулік ойлануға мүмкіндік беруі керек.

Дауыс беру жексенбі, 23 тамызда өтеді. Учаскелердің басым бөлігі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазақстанда жеті саяси партияның тізіміне енгізілген 545 кандидаттың арасынан бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың 145 депутаты сайланады.

Новые статьи

Казахстан и Финляндия обсудили защиту Каспия и восстановление лесных ресурсов

В Астане состоялась встреча министра экологии и природных ресурсов Казахстана с депутатом парламента Финляндии Вилле Скиннари. Стороны обсудили развитие двустороннего сотрудничества в рамках Казахстанско-Финской...

Креативные мастера ВКО добиваются открытия постоянного выставочного пространства

Представители креативной индустрии Восточно-Казахстанской области считают, что для развития местных брендов необходимы постоянная площадка для презентации продукции и понятный календарь мероприятий. Эти вопросы обсудили...

Изменились правила для иммигрантов, прибывающих в Казахстан на постоянное место жительства

В Казахстане обновили правила проведения тестирования, анкетирования и собеседования для иностранцев и лиц без гражданства, прибывающих в страну на постоянное место жительства. Новые требования не...

В ВКО к началу учебного года проверяют готовность школ и системы безопасности

В Восточно-Казахстанской области, как и в других регионах страны, продолжается подготовка образовательных учреждений к новому учебному году. Особое внимание уделяется состоянию школ, их безопасности,...