«Таза әлем»: тазалық ұрпақты біріктіреді

Бүгін Шемонаиха ауданында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Таза әлем» атты ауқымды акция өтті.

Березовка өзенінің жағалауына жақын аумақты тазалау жұмыстарына белсенділер, волонтерлер, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері, күміс волонтерлер және Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Ардагерлердің бұл акцияға қатысуы ерекше маңызға ие болды. Олар жастармен бірге туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, табиғатқа ұқыпты қарау мен қоршаған ортаға жауапкершіліктің маңызын өз ісімен көрсетті.

Бірлескен еңбектің нәтижесінде аумақ толықтай қоқыстан тазартылып, 280-нен астам қап қоқыс жиналып шығарылды. Қалалық әкімдіктің қолдауымен арнайы техника тартылып, қоқысты жедел шығару ұйымдастырылды.

Қатысушылар алдағы экологиялық бастамаларды талқылап, болашақ іс-шаралардың жоспарын да қарастырды.

Ұрпақтар бірлесіп жұмыс істегенде, тек қоршаған орта тазарып қана қоймай, экологиялық мәдениет те қалыптасады.

Акцияға белсенді қатысып, туған өлкенің табиғатын қорғауға үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз!

Новые статьи

В Алматы врачи выходили недоношенного малыша весом 679 граммов

Специалисты городского перинатального центра № 2 Алматы помогли выжить мальчику, который родился на сроке 26 недель и шесть дней с весом всего 679 граммов....

Госорганизации в Казахстане смогут оставлять себе подарки, полученные чиновниками на официальных мероприятиях

С 31 октября 2026 года в Казахстане изменится порядок передачи подарков, которые государственные служащие получают на официальных мероприятиях. Государственное юридическое лицо, в котором работает...

В Казахстане отремонтировали 377 км тепловых сетей перед отопительным сезоном

В Казахстане завершили запланированный капитальный ремонт 377 км тепловых сетей. Подготовку энергетической инфраструктуры и прохождение отопительного сезона обсудили на заседании Республиканского штаба под председательством...

Нацбанк Казахстана выпустит серебряную монету «AQYQ», которую можно носить как украшение

Национальный Банк Казахстана 27 октября 2026 года начнет продажу коллекционной монеты «AQYQ» из серии «Магические символы». Монету из серебра 925 пробы украсили вставкой из...