ІІМ жолдардағы цифрлық бақылауды күшейтіп жатыр

ІІМ цифрлық технологиялардың көмегімен жол қозғалысын бақылауды күшейтіп жатыр. Енді жол ережесін бұзу деректерін ұшқышсыз ұшу аппараттары, патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері және лазерлік жабдықтар тіркейді.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары полицияға жолдағы жағдайды әуеден бақылауға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және қауіпті жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

ІІМ мәліметінше, жылдамдықты ұнататындар мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар енді жауапкершіліктен жалтара алмайды. Өйткені құқық бұзушылықтар әуеден тіркеледі. Алайда дрондардың басты міндеті айыппұл салумен шектелмейді. Заң бұзушылықтарға жедел ден қою азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Полицияның тағы бір цифрлық көмекшісі – патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер. Олар көлік ағынында келе жатып-ақ жүргізушінің рөлде ұялы телефон пайдалануын, жаяу жүргіншіге жол бермеуін, белгіленген жылдамдықты асыруын және маневр жасау ережелерін бұзуын тіркейді.

Қала сыртындағы тасжолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі қолданылады. Ол автокөліктің белгілі бір учаскедегі қозғалысын талдайды. Сондықтан камераның алдында күрт тежеп, кейін қайта газ басу енді жеткіліксіз. Қазір мұндай бақылау республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта енгізілген.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полиция лазерлік жүйелерді де пайдаланады. Олар әсіресе түнде, қолайсыз ауа райында және жүргізушіні ұйқы қыса бастаған жағдайда өзекті.

ІІМ цифрлық шешімдер тек құқық бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тарту үшін қолданылмайтынын атап өтті. Олардың негізгі міндеті – полицияның қауіп-қатерге жедел әрекет етуіне көмектесу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Новые статьи

В Правительстве обсудили модернизацию и реконструкцию 124 железнодорожных вокзалов

Под председательством первого заместителя Премьер-министра РК Нурлыбека Налибаева состоялось совещание по вопросам модернизации и реконструкции железнодорожных вокзалов. В обсуждении приняли участие акимы областей, представители министерств...

Почти 45 млн проездов за семь месяцев: названы самые загруженные платные дороги Казахстана

За январь–июль 2026 года на платных участках республиканских автомобильных дорог Казахстана зарегистрировали 44,95 млн проездов транспортных средств. Наиболее интенсивное движение зафиксировано на направлениях Алматы...

В Казахстане за 10 дней выявили 70 попыток вывоза незадекларированной валюты

Пограничная служба КНБ выявила 70 попыток незаконного вывоза денежных средств за рубеж с 1 по 10 августа 2026 года. В пунктах пропуска обнаружено более...

Количество сделок купли-продажи жилья в Казахстане снизилось на 4,9%

В июле 2026 года в Казахстане зарегистрировали 37 158 сделок купли-продажи жилья. По сравнению с июнем, когда было заключено 39 053 сделки, показатель снизился...