ОСК Қазақстанның оңтүстігіндегі сайлау учаскелерін тексерді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Нұрлан Әбдіров бастаған делегациясы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына Шымкент пен Түркістан облысының дайындығын тексерді.

Негізгі назар сайлау учаскелерінің жұмысына, мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс берудің қолжетімділігіне және онлайн-сервистерге аударылды. Бұл сервистер сайлау күні азаматтарға көмектесуі тиіс.

Шымкентте сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін 10 орын дайындалды. Саяси партиялар үгіт материалдарын арнайы бөлінген 57 баспа стендіне орналастыра алады.

Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар адамдарды қабылдауға дайындығын бейінді жұмыс тобының мүшелерімен талқылады. Олар сайлау комиссияларының өкілдерімен бірге учаскелерде мүгедектігі бар қазақстандықтардың дауыс беруіне қажетті жағдайдың жасалғанын тексеріп жатыр.

ОСК төрағасы Құрылтай депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу мәселелері бойынша оқыту семинарында да сөз сөйледі. Қатысушыларға заң талаптары, сайлауды ұйымдастыру тәртібі және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын тиімді басқару жолдары түсіндірілді.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Шымкенттің Еңбекші, Абай, Тұран және Әл-Фараби аудандарындағы бірқатар сайлау учаскесін аралады.

Нұрлан Әбдіров Түркістан облысындағы тексеруді шалғай аудандардың бірінен бастады. Ол Отырар ауданының Шәмші Қалдаяқов ауылындағы №498 сайлау учаскесіне барып, кейін Кентау мен Түркістандағы учаскелерді тексерді.

ОСК басшысы учаскелердің дайындығы мен материалдық-техникалық жабдықталуын бағалады. Сондай-ақ комиссия мүшелерімен ауыл тұрғындарына алдағы сайлау және қолжетімді дауыс беру тәсілдері туралы ақпарат беру мәселесін талқылады. Ол егде жастағы адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға ерекше назар аударуды тапсырды.

Түркістандағы № 951 сайлау учаскесінде Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні жұмыс істейтін онлайн-сервистерді тексерді.

– Сайлау күні сайлау учаскелерінде бірқатар онлайн-сервис жұмыс істейді. Біріншісі учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне азаматтың тіркелген мекенжайын тексеруге көмектеседі. Бұл оны сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажет. Бұл ретте азамат міндетті түрде тиісті өтінішпен жүгінуі керек. Екіншісі тіркеуі жоқ азаматтарға сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркеу алуға мүмкіндік береді. Бұл екі сервис те қазақстандықтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруына көмектесу үшін маңызды. Біздің ортақ міндетіміз – осы сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Түркістанда сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар да өтті. Қатысушылар сайлау заңнамасы бойынша білімдерін жаңартып, дауыс беру күніндегі рәсімдер мен құжаттарды толтыру ережелерін пысықтады. Бір ғана нұсқаулықты білу жеткіліксіз болатын стандарттан тыс және даулы жағдайлардағы іс-қимылдар да жеке қаралды. Мұндай кезде дұрыс қарым-қатынас пен күйзеліске төзімділік те қажет.

Нұрлан Әбдіров Шымкент пен Түркістанда қала және облыс басшылығының қатысуымен кеңестер өткізді. Онда халықты ақпараттандыру, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алу, өз сайлау учаскесін табу, үйде дауыс беру және call-орталықтардың жұмысы талқыланды.

Тексерулерге, семинарлар мен кеңестерге ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының халықаралық байқаушылары қатысты. Олар учаскелік комиссия мүшелерімен сөйлесіп, сұрақтар қойып, сайлауды ұйымдастыру барысымен танысты.

Шымкентте сайлау күні 371 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың құрамына 2 881 адам кірген. Түркістан облысында құрамында 6 290 мүшесі бар 952 учаскелік комиссия құрылған.

Новые статьи

Ожидание ПЭТ/КТ в Казахстане сократилось до 14 дней

В Казахстане сократился срок ожидания высокотехнологичной диагностики. За семь месяцев 2026 года через Единый республиканский координационный центр подтверждено более 26,8 тыс. направлений на ПЭТ/КТ....

В Казахстане реализуют 24 инвестиционных соглашения в энергетике общей мощностью 3,8 ГВт

Очередное заседание Общественного совета по вопросам топливно-энергетического комплекса Министерства энергетики состоялось под председательством Жакыпа Хайрушева. Участники обсудили модернизацию действующих энергообъектов, совершенствование инвестиционных механизмов в электроэнергетике...

Беспилотный автотранспорт начнут тестировать на дорогах Казахстана

В Казахстане стартует трехлетний пилотный проект по внедрению автотранспортных средств с условной и высокой степенью автоматизации управления. Испытания будут проходить в Астане, Алматы и Косшы...

ІІМ жолдардағы цифрлық бақылауды күшейтіп жатыр

ІІМ цифрлық технологиялардың көмегімен жол қозғалысын бақылауды күшейтіп жатыр. Енді жол ережесін бұзу деректерін ұшқышсыз ұшу аппараттары, патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер, орташа жылдамдықты...