Қазақстан Оңтүстік Кореядан инвестиция тартуда

Қазақстан мен Оңтүстік Корея инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев бастаған қазақстандық делегация Корея Республикасында ірі компаниялар, мемлекеттік институттар және іскерлік қауымдастықтар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары кореялық капитал мен озық технологияларды тарту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске қосу болды. Бағыттар ауқымы кең – өнеркәсіп пен жасанды интеллекттен бастап электромобильдер, логистика және «жасыл» сутек өндірісіне дейін.

Корея халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Ли Сан Чжунмен кездесуде тараптар кореялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық жобаларын қолдау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп, жасанды интеллект, «жасыл» энергетика және электромобиль өндірісі салалары қаралды.

Korea Overseas Infrastructure & Urban Development Corporation басшылығымен өткен кездесуде Alatau City қаласын, Орта дәлізді және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі айқындалды.

YPP Corporation компаниясы қазақстандық делегациямен «жасыл» энергетика саласындағы жобаны, соның ішінде «жасыл» сутек пен аммиак өндірісін талқылады.

Hyundai Engineering және LX International компанияларымен инфрақұрылым, энергетика, мұнай-газ химиясы, аса маңызды минералдар, логистика және жоғары технологиялар салаларындағы жобалар қаралды.

Кореялық компаниялар Қазақстандағы индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға да қатысуды жоспарлап отыр.

Сапар қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан экономикасының басым салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Новые статьи

В Казахстане реализуют 24 инвестиционных соглашения в энергетике общей мощностью 3,8 ГВт

Очередное заседание Общественного совета по вопросам топливно-энергетического комплекса Министерства энергетики состоялось под председательством Жакыпа Хайрушева. Участники обсудили модернизацию действующих энергообъектов, совершенствование инвестиционных механизмов в электроэнергетике...

Беспилотный автотранспорт начнут тестировать на дорогах Казахстана

В Казахстане стартует трехлетний пилотный проект по внедрению автотранспортных средств с условной и высокой степенью автоматизации управления. Испытания будут проходить в Астане, Алматы и Косшы...

ІІМ жолдардағы цифрлық бақылауды күшейтіп жатыр

ІІМ цифрлық технологиялардың көмегімен жол қозғалысын бақылауды күшейтіп жатыр. Енді жол ережесін бұзу деректерін ұшқышсыз ұшу аппараттары, патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер, орташа жылдамдықты...

МВД усиливает цифровой контроль на дорогах

МВД усиливает контроль за дорожным движением с помощью цифровых технологий. Нарушения теперь фиксируют беспилотники, мобильные комплексы на патрульных автомобилях, системы контроля средней скорости и...