2030 жылға дейін азық-түлік жүйелерінен бөлінетін шығарындыларды қысқартуға бірде-бір ел үлгермейді

Әлем елдерінің басым бөлігі азық-түлік жүйелерін өзгертіп, 2030 жылға дейінгі халықаралық мақсаттарға қол жеткізе алмайды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары осындай қорытындыға келді. Олар Nature Food журналында жарияланған жаңа зерттеуге сүйеніп отыр.

Талдау 197 ел мен аумақты қамтыды. Зерттеушілер тамақтану, денсаулық сақтау, экология және өмір сүру деңгейіне қатысты 44 көрсеткішті зерделеді. Мемлекеттердің басым бөлігі 30 негізгі көрсеткіштің біреуіне ғана қол жеткізген. Ол – мобильді байланыстың кең таралуы.

22 көрсеткіш бойынша қойылған міндеттерді 2030 жылға дейін елдердің үштен біріне де жетпейтін бөлігі ғана орындай алады. Әсіресе азық-түлік жүйелерінен бөлінетін парниктік газдар көлемін азайту баяу жүріп жатыр. Белгіленген мақсатқа дейінгі жолдың төрттен бірі ғана еңсерілген. Қазіргі қарқын сақталса, бірде-бір ел межеге жете алмайды.

Кейбір өңірлерге қарқынды күрт арттыруға тура келеді. Африка 23 индикатор бойынша көрсеткіштерін жыл сайын кемінде 15-20 пайызға жақсартуы қажет. Ал Азияда азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз етілмеу деңгейін жыл сайын 63 пайыздан астам мөлшерде қысқарту керек.

Табыстың жоғары болуы да мақсаттарға автоматты түрде жеткізбейді. Қазіргі қарқын өзгермесе, Еуропа 2030 жылға қарай 19 көрсеткішке қол жеткізе алмайды.

– Азық-түлік жүйелерін трансформациялау үшін ілгерілеу қарқынын жеделдету қажет. Әйтпесе жетістіктер формалды сипатта қалып қоюы мүмкін. Біз бұдан былай қазіргі қарқынмен әрекет ете алмаймыз, – деді Корнелл университетінің Жаһандық даму және қоршаған орта мектебінің профессоры Марио Эрреро.

Сонымен бірге зерттеу оң өзгерістердің де бар екенін көрсетті. Жеті көрсеткіш бойынша елдердің кемінде үштен бірі 2030 жылға арналған мақсаттарға сай бағытта қозғалып келеді. Жаһандық деңгейдегі барлық индикаторлардың жартысында да оң динамика байқалады.

Сарапшылардың пікірінше, тиімді мемлекеттік басқару, биліктің есептілігі және азаматтық қоғамның белсенді қатысуы өзгерістерді жеделдете алады. Азық-түлік саясатының басқа бағыттарындағы ілгерілеу де көбіне осы факторларға байланысты.

Баяндама авторлары халықаралық қауымдастықты пайдалы әрі құнарлы тағамның қолжетімділігіне, азық-түлік қауіпсіздігінің болмауымен күреске, мемлекеттік басқаруды жақсартуға және азық-түлік жүйелерінен бөлінетін шығарындыларды қысқартуға басымдық беруге шақырды.

Егер реформалар қазіргі қарқынмен жалғаса берсе, көптеген жаһандық мақсаттарды 2050 жылға ауыстыруға тура келеді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...