Өскеменде екі жігіттен 90-нан астам есірткі орамасы тәркіленді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Қарасора-2026» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында екі ер адам ұстады.

— 18 және 19 жастағы екі тұрғын алдын ала сөз байласып, есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікке ілінді. Күдіктілерді жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар салынған 91 орама тәркіленді, — делінген ақпаратта.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың құрамынан жалпы салмағы 25,29 грамм мефедрон, 27,21 грамм α-PVP психотроптық заттары және жалпы салмағы 6,24 грамм каннабис шайыры анықталды.

— Тәркіленген заттардың жалпы көлемі заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшер болып саналады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің бірі қолхатпен босатылды, екіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Более тысячи человек и 331 единица техники защищают леса ВКО от пожаров

С начала 2026 года на территории Восточно-Казахстанской области произошло 34 лесных пожара. Общая площадь, пройденная огнем, составила 95,4 гектара. Такие данные представил руководитель управления...

В Замбии официально открыли Международный год волонтеров по инициативе Казахстана

В Замбии состоялось официальное открытие Международного года добровольцев за устойчивое развитие – 2026, учрежденного Организацией Объединенных Наций по инициативе Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева. Торжественная церемония...

Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному интеллекту

Касым-Жомарт Токаев выступил с приветственной речью на торжественной церемонии открытия III Международной олимпиады по искусственному интеллекту, проходящей в Астане. В своем выступлении Глава государства подчеркнул,...

Зайсандағы әуежай құрылысы аяқталуға таяп қалды

Шығыс Қазақстан облысының шекара шебіндегі Зайсан ауданында салынып жатқан жаңа әуежай құрылысының жалпы дайындығы 86,6 пайызға жетті. Әуежай құрылысы Мемлекет басшысының шекара маңындағы аумақтарды дамыту...