Өскемендегі орталық субұрқақ неге жаз бойы қосылмай тұрды?

Өскемендегі Республика алаңында орналасқан қаланың басты субұрқағы биыл әдеттегідей мамыр айында емес, тек тамыз айында іске қосылмақ. Жаздың аптап ыстығының екі айы өткеннен кейін ғана оны күтіп-ұстаумен айналысатын мердігер мекеме анықталды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, мамандар дайындық жұмыстарын бастап кеткен.

– Мердігер ұйым анықталды. Қазіргі уақытта субұрқаққа техникалық қызмет көрсету, жабдықтарды тазалау және оған іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталған соң субұрқақ электр желісіне қосылады, – делінген ақпаратта.

Әдетте Өскеменде субұрқақтар маусымы мамыр айында ашылады. Алайда биыл жаз бойы ауа райы ыстық болғанына қарамастан, субұрқақтар іске қосылған жоқ. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тұрғындардың да наразылығын тудырған болатын.

ТҮКШ бөлімі мамандарының түсіндіруінше, кешігуге қалалық субұрқақтарға қызмет көрсететін мердігер ұйымның уақытылы анықталмауы себеп болды.

Бүгінде облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы Республика алаңында орналасқан орталық субұрқақ қана іске қосуға дайындалып жатыр. Ал қаладағы өзге субұрқақтардың қашан жұмысын бастайтыны әзірге нақтыланбады.

Новые статьи

Где голосовать 23 августа – адреса и телефоны участков Усть-Каменогорска

23 августа 2026 года казахстанцы впервые изберут депутатов нового однопалатного Курултая. От результатов голосования будет зависеть, какие политические силы получат представительство в высшем представительном...

После вмешательства прокуратуры в Аягозе снизили тариф на водоснабжение

В городе Аягоз области Абай с 1 августа снижена стоимость услуг водоснабжения после вмешательства прокуратуры. Поводом для пересмотра тарифа стали нарушения, выявленные в работе...

Центр обслуживания ONAY! в Усть-Каменогорске переехал на новый адрес

С 3 августа 2026 года в Усть-Каменогорске изменился адрес центрального офиса обслуживания пассажиров системы ONAY!. В связи с переездом прекратили работу офисы, расположенные по...

Инфляция в Казахстане в июле замедлилась до 0,6%

В июле 2026 года месячная инфляция в Казахстане составила 0,6%, что ниже июньского показателя, когда рост цен достигал 0,8%. Основное снижение цен пришлось на сезонные...