Шығыс Қазақстан облысында Өскемен — Риддер — Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолдың бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жөндеу жұмыстары жолдың 30-70 шақырым аралығында жүргізілуде.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жоба аясында 11,2 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасының төменгі қабаты төселді. Сонымен қатар жолдың 3 шақырымына ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасының үстіңгі қабаты салынды.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жолдың жағдайы жақсарып, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығы арта түспек.

