ШҚО-да жыл басынан бері көкжөтелдің 32 жағдайы тіркелді

Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе артып отыр. Көкжөтелге шалдыққандардың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар.

– 29 шілдедегі жағдай бойынша облыста көкжөтелдің 32 жағдайы зертханалық түрде расталды. Оның 28-і Өскеменде, 4-і Ұлан ауданында тіркелген. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі – бір жасқа дейінгі 14 сәби, 1-5 жас аралығындағы 17 бүлдіршін және 5-9 жас аралығындағы бір бала, – дейді департамент басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Мамандарды алаңдатып отырған негізгі мәселе – науқас балалардың басым бөлігінің екпе алмауы. Тіркелген 32 жағдайдың 30-ы вакцина салдырмаған балалар арасында анықталған. Оның ішінде 17 бала ата-анасының бас тартуына байланысты вакцина алмаса, 12 балада медициналық қарсы көрсетілім болған. Ал бір сәби екпе салынатын жасқа әлі жетпеген.

— Көкжөтел – тыныс алу жолдарын зақымдайтын өте жұқпалы бактериялық инфекция. Әсіресе бұл ауру нәрестелер мен балалар үшін қауіпті. Көкжөтелдің алдын алудың ең тиімді жолы – уақтылы вакцина алу, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

Шығыс Қазақстанда цифрлық деректер мен ЖИ қалай жұмыс істейді

Өскемен тұрғындары қоқыс контейнерлері толып кеткені туралы қалдықтарды шығаратын компанияға тікелей хабарлай алады. Ол үшін контейнер алаңдарына QR-кодтар орнатылып жатыр. Өтінішті арнайы цифрлық ақпараттық...

Как цифровые данные и ИИ работают в Восточным Казахстаном

Жители Усть-Каменогорска могут сообщить о переполненной контейнерной площадке напрямую компании, которая вывозит мусор. Для этого на площадках размещают QR-коды. Обращение зафиксирует специальная цифровая информационная...

Для государственных акционерных обществ РК утвердили нормы деловой этики и корпоративной культуры

В Казахстане утверждены нормы деловой этики и корпоративной культуры для государственных акционерных обществ. Документ устанавливает требования к поведению должностных лиц и работников организаций при...

В Семее водителя и родителей подростка наказали после опасного видео из автомобиля

В Семее полицейские привлекли к административной ответственности водителя автомобиля и законного представителя несовершеннолетней пассажирки после публикации в социальных сетях опасного видео. Как сообщили в департаменте...