Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды

ҚР Қарулы күштері Бас әскери полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, әскери полиция мен әскери қызметшілер Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен қатардағы жауынгерді ұстады.

— Мерзімді әскери қызметші А.Е. Мархан облыс орталығынан 20 шақырым жерде ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып, қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен, — делінген ақпаратта.

Тексеру барысында әскери қызметші командирлер және бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қарсы келетін қарым-қатынас пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеді.

Еске салсақ, 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында Өскемендегі № 27943 әскери бөлімінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекшілікте тұрған әскери қызметші қойма аумағынан өз бетінше белгісіз бағытқа кетіп қалған болатын.

Новые статьи

В Риддере 60 семей получили ключи от новых квартир

В канун Дня Республики в Риддере состоялось торжественное вручение ключей от квартир в новом многоквартирном доме. Новоселами стали 60 семей. 55 квартир приобрели сотрудники ТОО...

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...

К 2028 году цифровая прослеживаемость охватит 80% энергоресурсов Казахстана

В Казахстане планируют расширить цифровой контроль за движением нефти и нефтепродуктов. Согласно стратегии Digital Qazaqstan, к 2028 году сквозная цифровая прослеживаемость должна охватить 80%...

ООН предупреждает: ИИ может заменить человека при принятии решений на поле боя

Искусственный интеллект уже сейчас широко используется на поле боя, а роль человеческого фактора в военных операциях стремительно сокращается. Об этом предупредил руководитель Института ООН...