Өскеменде кәмелетке толмағандар қараусыз қалған үйдің төбесінде ойнаған

Красин көшесіндегі қараусыз қалған көпқабатты үйдің төбесінде жүрген жасөспірімдерді өтіп бара жатқан адамдар байқаған.

Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға алаңдап отыр. Олардың айтуынша, қараусыз қалған ғимаратқа жасөспірімдер ғана емес, кішкентай балалар да жиі барады. Тұрғындар мұндай жағдайлар туралы полицияға хабарлайды, алайда тәртіп сақшылары келгенше балалар көбіне қашып кетеді.

ШҚО Полиция департаменті бүгінгі оқиғаға қатысты өтініш түспегенін хабарлады.

– Хабарламаны тексеру барысында көрсетілген мекенжайдан және оған іргелес аумақтан кәмелетке толмағандар табылған жоқ. Полиция қызметкерлері маңайды тексеріп, жарияланымда көрсетілген мән-жайларды анықтады, – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөлуге, олардың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын біліп отыруға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың бос уақытын қалай және қайда өткізетінін бақылауға кеңес берді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...