Астана тұрғыны 60-тан астам адамды жарты миллиард теңгеге алдаған

Астана тұрғыны таныстарын, көршілерін және бұрыннан араласатын адамдарын қоса алғанда, 60-тан астам адамды алдаған. Келтірілген жалпы шығын 500 миллион теңгеден асты, деп хабарлады елорда прокуратурасы.

Әйел адамдардың сеніміне кіріп, ипотеканы жылдам рәсімдеуге және баспана сатып алуға көмектесетін байланыстары барын айтқан. Осы сылтаумен ол жәбірленушілерді өзіне ақша беруге, несие алуға немесе жылжымайтын мүлігін кепілге қоюға көндірген. Алынған қаражатты өз қажетіне жұмсаған.

Сондай-ақ ол декреттік төлемдерді рәсімдеуге көмектесуді ұсынған. Бұдан бөлек, ақшаны пайызбен қарызға алып, пайдасымен қайтаруға уәде берген. Алайда міндеттемелерін орындамаған.

Эпизодтардың бірінде сотталушы жәбірленушіні екі бөлмелі пәтерін банкке 16 миллион теңгеге кепілге қоюға көндірген. Ол несиені өзі төлеп, үш бөлмелі баспана сатып алуға көмектесуге уәде берген.

Алайда әйел ақшаны иемденіп кеткен. Алғашында төлемдердің бір бөлігін төлеп жүргенімен, кейін төлем жасауды тоқтатып, байланысқа шықпай қойған. Жәбірленушіге келтірілген шығын тоғыз миллион теңгеден асты.

Тағы бір жағдайда әйел ер адамнан жұбайының декреттік төлемдерін көбейтіп беремін деген сылтаумен бес миллион теңгеден астам ақша алған. Бұл қаражатты да толықтай иемденіп кеткен.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынды. Әйел кінәсін ішінара мойындап, жекелеген эпизодтар бойынша жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.

Сот оны кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушілердің келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Астана прокуратурасы аса ірі мөлшерде жасалған меншікке қарсы қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Новые статьи

Өскеменде кәмелетке толмағандар қараусыз қалған үйдің төбесінде ойнаған

Красин көшесіндегі қараусыз қалған көпқабатты үйдің төбесінде жүрген жасөспірімдерді өтіп бара жатқан адамдар байқаған. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға алаңдап отыр. Олардың айтуынша, қараусыз қалған ғимаратқа...

В Усть-Каменогорске несовершеннолетние играли на крыше заброшенного дома

Подростков на крыше заброшенной многоэтажки на улице Красина заметили прохожие. Местные жители обеспокоены ситуацией и сообщают, что в заброшенное здание часто ходят не только подростки,...

В Казахстане началась предвыборная агитация

В Казахстане завершилась регистрация партийных списков. С 18 часов 01 минуты 23 июля 2026 года началась предвыборная агитация. Она продлится до 00 часов 00...

Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт басталды

Қазақстанда партиялық тізімдерді тіркеу аяқталды. 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-де сайлау алдындағы үгіт басталды. Ол 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан...