ШҚО-да экологиялық акция аясында 6 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және қоғамдық орындарды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыста полиция маңызды рөл атқарып, абаттандыру ережелері мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң бақылауға алуда.

Өңір көшелерінде күн сайын полиция қызметкерлері қызмет атқарады, сондай-ақ Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылуда. Бейнебақылау камералары мен заманауи мониторинг жүйелері қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін тәулік бойы анықтауға және тәртіп бұзушыларды жедел табуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында полицейлер 6 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 4,8 мыңға жуығы аумақтарды абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты болса, тағы бір мыңнан астамы жалпы пайдалану орындарын ластауға байланысты. Сонымен қатар, облыс аумағында 120-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталып, әрбір факті бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Цифрлық технологияларды қолдану құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар тиімді профилактикалық жұмыстарды жүргізуге септігін тигізеді. Қоғамдық орындардың бейнебақылау камераларының назарында екенін түсіну азаматтардың жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді.

Дегенмен, «Таза Қазақстан» акциясынын басты мақсаты – толтырылған әкімшілік материалдардың саны емес, тазалық пен саналы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Өйткені таза аула, көше немесе саябақ әрбір адамның қарапайым әрекетінен – қоқыс қалдырмаудан, өзгелердің еңбегін құрметтеуден және абаттандыру ережелерін сақтаудан басталады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана қалаларымыз бен ауылдарымызды таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы етуге болады. Өйткені тазалық – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...