Қытай азаматтары мен ШҚО тұрғындары заңсыз 15 килограмм алтын өндірген

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданында заңсыз алтын өндірген топ мүшелеріне үкім шығарылды. «Алтын безгегі» оларға 15 килограмм бағалы металл, мемлекетке келтірілген 766 миллион теңге залал және әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын әкелді.

Қылмыстық әрекетті Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ҰҚКД, ПД және ЭТД-мен бірлесіп тоқтатты. 2025 жылғы маусымда жүргізілген бірлескен операция кезінде құқық қорғау органдары Үлкен және Кіші Шыбынды өзендерінің аңғарында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтарын ұстады. Оқиға орнынан арнайы техника, жабдықтар, құрамында алтыны бар шикізат пен ақша тәркіленді.

Тергеу барысында облыс тұрғындары мен Қытай Халық Республикасының азаматтары 2024-2025 жылдары өз бетінше заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырғаны анықталды. Сонымен қатар топ Ұлан ауданындағы орман қорына залал келтірген.

Прокуратура қылмыстық істі сотқа жолдады. Мемлекеттік айыптаушы жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісін дәлелдейтін айғақтарды ұсынып, сотталушыларға қылмыстың ауырлығы мен экологиялық залалдың ауқымына сай жаза тағайындауды сұрады.

2026 жылғы 21 шілдеде Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыларды аса ірі көлемде бағалы металдарды заңсыз өндіргені үшін кінәлі деп таныды. Сот оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

ШҚО-да экологиялық акция аясында 6 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және қоғамдық орындарды абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыста...

Почти 6 тысяч нарушений выявлено в ВКО в рамках экологической акции

В Восточно-Казахстанской области продолжается республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан», направленная на формирование экологической культуры, сохранение чистоты населенных пунктов и благоустройство общественных пространств. Важную роль...

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізіліп, ол жаңа халықтық Конституцияның алғашқы практикалық жүзеге асырылған маңызды бастамаларының біріне айналды

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың азаматтарға деген қамқорлығының көрінісі болған бұл бастама жүздеген мың адамға мемлекеттің нақты қолдауын сезінуге мүмкіндік берді. Бір айға жетпейтін уақыт ішінде 681,7...

По инициативе Главы государства впервые в истории независимого Казахстана проведена административная амнистия, ставшая одним из первых практических воплощений новой народной Конституции

Это инициатива Касым-Жомарта Кемелевича Токаева с заботой о гражданах позволила сотням тысяч людей почувствовать реальную поддержку государства. Менее чем за месяц от исполнения административных взысканий...