Қазақстанда гидтер мен экскурсоводтардың жұмысына бірыңғай ереже бекітілді

Қазақстанда гидтер, экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары қызметінің бірыңғай ережесі бекітілді. Құжат мамандардың өкілеттігін айқындап, қызмет сапасына қойылатын талаптарды және туристердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті белгілейді.

Ереже туризм саласындағы мамандардың міндеттерін нақты ажыратады. Гидтер, экскурсоводтар мен нұсқаушылар туристерге шынайы ақпарат беруге, оларды бағыт бойымен алып жүруге және қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.

Мұндай қызметті бастау үшін маман Қазақстан Республикасының азаматы болуы және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес eLicense.kz порталы арқылы хабарлама жіберуі керек.

Мамандар қызметтің ұйымдық-құқықтық нысанын өздері таңдай алады. Сонымен қатар қазір гидтер, экскурсоводтар мен туризм нұсқаушыларының қызметін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған қызмет түрлерінің тізіміне енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

Келіп түскен хабарламалар негізінде министрлік гидтердің, экскурсоводтар мен туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді. Ол министрлік пен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Тізілім арқылы туристер таңдаған маманының заң аясында жұмыс істейтінін тексере алады. Бұл әлеуметтік желілерде экскурсия туралы ұсыныстар көбейген қазіргі кезде өте өзекті. Өйткені кейде маманның кәсібилігін тау суреттері мен өзіне сенімді кейпі ғана растап тұрады.

Ережеде саяхат қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген. Мамандар туристерге бағыттың ерекшеліктері мен ықтимал қауіптер туралы алдын ала ескертуге, сондай-ақ баратын нысандар жөнінде шынайы ақпарат беруге міндетті.

Төтенше жағдай болған кезде гид, экскурсовод немесе нұсқаушы бұл туралы уәкілетті органдарға және туристердің туыстарына жедел хабарлауы керек.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін бағыттар үшін міндетті жазбаша растау қарастырылған. Турист ықтимал қауіптермен танысқанын жазбаша түрде растауға тиіс.

Жаңа ереже кәсіби қызметтің бірыңғай стандарттарын қалыптастырып, туристік қызметтердің сапасын арттыруға және саяхат қауіпсіздігін күшейтуге тиіс. Сонымен қатар құжат Қазақстандағы ішкі және келу туризмін дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Ереже «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...